Спасовка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл, Спасов ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 46 км-дей жерде, Үлкен Қоржынкөл көлінің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 731 адам (361 ер адам және 370 әйел адам) болса, 2009 жылы 465 адамды (237 ер адам және 228 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Есіл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) елді мекендері