Арденна (, , ) - Еуропадағы қырат.
Бельгия, Франция, Германия, Нидерланд, Люксембург жерінде орналасқан. Көп жерінің биіктігі 400 м шамасында. Ең биік шыңы Хохе Ахт, биіктігі 747 м.
Негізінен кристалл жыныстардан, сазды тақта тастан, әк тастан түзелген Арденна қыратында тас көмір мен темір рудасы, минералды бұлақтар бар.
Солтүстік беткейінде орман өспейді, оңтүстік беткейінде емен, қайын ормандары бар. Жеміс бақтары өседі.
Таулы қарыт атауымен солтүстік-шығыс Франциядағы департаменты және Шампань аймағы аталған.
2011 жылы Арденна таулы қырат аумағында көлемі 116 мың га "Арденна" ұлттық табиғм паркі ашылған.
Галерея
1000px
Дереккөздер Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Санат:Еуропа таулары Санат:Франция географиясы Санат:Бельгия