Кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектілерді орналастыру, жобалау және салу шарттары — судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа объектілерді орналастыру, жобалау және салу, бұл жағдайда мыналар қамтамасыз етілуге тиіс: суды ұтымды пайдалану, сутоғандарынан алынатын судың есебін жүргізу, жер бетіндегі және жер астындағы суларды ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғау жөніндегі шараларды орындау; балықты, суда жүзетін құстарды, су хайуанаттарын және жағалаудағы эко- жүйелерді корғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру; судың зиянды әсерін болдырмау, жерді су басудан, су астында қалудан, сортаңданудан және кұрғаудан қорғау; айналадағы ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау. Өндіріс жағдайы бойынша қайталамалы сумен жабдықтауға және қалдықсыз технологияға көшіріле алмайтын кәсіпорындарды қоспағанда, өнеркәсіп орындарын сумен жабдықтаудың тура ағыс жүйелерін жобалауға және салуға жол берілмейді. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы