Мұхаммед Әли Джинна (туғанында Мұхаммедәли Джиннабхай; 25 желтоқсан 1876, Карачи – 11 қыркүйек 1948 жыл, Карачи) — барристер мен саясаткер, Пәкістан негізін қалаушысы. Джинна 1913 жылдан 1947 жылғы Пәкістан негізделуіне дейін Бүкілүндістандық мұсылмандар лигасы көшбасшысы болды да, өліміне дейін Пәкістан генерал-губернаторы болды.

Өмірбаяны Джиннаның әке-шешесі Гуджарат штатының Панели ауылының индуис тұрғындары болатын. Олар 1875 жылы экономикалық себептерден қазіргі Пәкістандағы Карачи қаласына көшіп, мұсылмандық қабылдады. Олар саудамен айналысты, 4 қызы мен 3 ұлы болды. Джинна осылайша Карачиде 1876 жылғы 25 желтоқсанда туған болатын.

Джинна Бомбейде де, Карачиде де мектепке барады да, исламдық пен еуропалық білім алады. Бомбей университетіне түскеніне қарамастан әкесі Джиннаны Лондон, Англиядағы Линкольнс-Инн жоғарғы оқу орнына жіберді. Джинна сол жерде заң оқып, барристер атанды.

Англиядағы оқуы кезінде Джинна Британдық Үндістан тәуелсіздігін жақтайтын активистер Дадабхай Наороджи мен Ферозшах Мехтамен танысты. Оқуынан кейін Джинна заңмен айналысатын болды да, қаладағы жалғыз мұсылман адвокат болып шықты.

1906 жылдан бастап Джинна Үнді ұлттық конгрессі (ҮҰК) ірі партиясы басшысы Дадабхай Наороджидың хатшысы болды. Конгресс Британдық Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалысын насихаттайтын. 1907 жылғы сот ісінде Ферозшах Мехтаға көмектескені арқасында Джинна елде белгілі заңгер атанды. Ол кейін Британияда ҮҰК сөзін сөйлейтін.

1909 жылы оның әкесі қайтыс болды. 1913 жылы ол Бүкілүндістандық мұсылмандар лигасының (БМЛ) мүшесі болып, 1916 жылы оның президенті атанады. 1920 жылға дейін Джинна екі партия ісіне де араласып жүретін.

1919 жылғы Амритсардағы шерулерді Британ әскері қанды жолмен басты. ҮҰК жаңа басшысы Махатма Ганди Амритсар қырғыны делінген бұл оқиғаға жөн реакция деп тағы наразылық шараларын көрді. Бұдан бұрын Гандимен келіспей жүрген Джинна бұл жолы да қарсылығын білдірді. Ұқсас себептерден 1920 жылы Джинна партиядан шығып кетті.

Аймақтағы индуистердің көпшілік болғанынан БМЛ сайлауларда аса сәтті бола алмады. Осы кездердегі жергілікті элита қатарында да мұсылмандар аз еді. 1940 жылғы наурыздағы Лахор партия конференциясында Пәкістан атты жеке мұсылман мемлекетін құру идеясы ресмиленді. Оның авторлары қатарында Джинна да болды. Қарар бойынша батыс Үндістандағы Пенджаб, Синд, Солтүстік-Батыс шекаралық провинция, Белуджистан мен Кашмир аймақтары және шығыс Үндістандағы Бенгалия мен Ассам аймақтарынан Пәкістан мемлекеті құрылмақ болды.

Джинна тәуелсіздік қарары жайлы Махатма Гандимен біраз келіссөз жүргізді. 1947 жылғы 15 тамызда Пәкістан ақыры Үндістанмен қатар тәуелсіздікке қол жеткізді. Көп ұзамай Пәкістанның тұңғыш генерал-губернаторы болып Джинна сайланады. 1948 жылғы 11 қыркүйекте ол науқастан қайтыс болды.

Еске алу «Пәкістан негізін қалаушысы» делінетін Джиннаның туған күні — 25 желтоқсан Пәкістанда жыл сайын ұлттық мереке ретінде тойланады. Джиннаның Карачидегі туған үйі кейін Уәзір сарайы деп аталып, музейге айналды. Джинна бұл жерде өмірінің тұңғыш 16 жылын өткізген болатын.

Мемлекет қалаушысы, ел атасы ретінде Джинна Мұстафа Ататүрік, Джордж Вашингтон, Нельсон Мандела, Махатхир Мұхаммед пен Махатма Гандимен қатар бағаланады.

Ескертпелер

Дереккөздер

Санат:Пәкістан генерал-губернаторлары Санат:Пәкістан заңгерлері Санат:Үндістан заңгерлері Санат:Алфавит бойынша заңгерлер Санат:Пәкістан саясаткерлері Санат:Пәкістан тарихы Санат:Үндістан тарихы Санат:Туберкулёзден қайтыс болғандар Санат:Алфавит бойынша адвокаттар Санат:Пәкістан адвокаттары Санат:Мумбаи университеті түлектері Санат:Қалалық заң мектебі (Лондон қалалық университеті) түлектері