Храпатый Анатолий Михайлович (20 қазан 1963, Атбасар – 11 тамыз 2008) — кеңестік және қазақстандық ауыр атлетші, Астана қаласының құрметті азаматы, Қазақтың дене шынықтыру институтын бітірген, жаттықтырушы, «Спорт клубының» директоры.

Өмірбаяны Сеулде (1988) алтын медальді ауыр атлетші Анатолий Храпатый ауыр салмақ санатында жеңіп алды. Сол жылдары оған теңесер ешкім болмады. Ол бірінің артынан бірі өз рекордын жаңартып отырды. Сеул алаңында жұлқып көтеруден ол 187,5 килограммды, ал итеріп көтеруден өзінің бәсекелесі Наиль Мухамедьяровты 10 килограммен асып түсіп, 225 килограммды көрсетті. Храпатый осы алуларымен тоқтап қалмады. Сол жылы жұлқып көтеруден 228 килограмм салмақты алып, жаңа рекорд жасады. Сегіз жылдан кейін тәуелсіз Қазақстан құрамасының құрамында жүре отырып, Атланта Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды.

2008 жылғы тамыздың 11-інде Анатолий Михайлович Храпатый жол апатына ұшырап қайтыс болдыhttp://www.kp.ru/daily/24144/362272/.

Жетістіктері Храпатый А.М. әлемнің бес дүркін чемпионы, 1988 ж. Олимпиада чемпионы, 1996 ж. Атланта Олимпиадасының күміс жүлдегері, Азия ойындарының көп дүркін чемпионы, ауыр атлетикадан Еуропа және әлем чемпионаттарының, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы.

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Қазақстан ауыр атлеттері Санат:1963 жылы туғандар Санат:2008 жылы қайтыс болғандар Санат:КСРО ауыр атлеттері Санат:Қазақстанның Олимпиада күміс жүлдегерлері Санат:КСРО-ның Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша ауыр атлеттер Санат:Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпиондары Санат:1988 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:1996 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:Ауыр атлетикадан Еуропа чемпиондары Санат:Ауыр атлетикадан әлем чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары Санат:Астананың құрметті азаматтары