Андаман теңізі (, , ) – Үнді мұхитындағы шеткі теңіз.

Теңіз Үндіқытай түбегі Малакка түбегі, Суматра аралдары, Андаман аралдары Никобар аралдары аралығында жатыр.

Аумағы – 600 мың кm². Орта тереңдігі – 1096 м. Ең терең жері – 4198 м.

Климаты тропиктік, ылғалды, муссондық. Суы қыста оңтүстік-батысқа және батысқа жазда шығысқа және оңтүстік-шығысқа қарай ағады.

Ақпанда судың орта температурасы 26°, 28° С; мамырда 29° С; тұздылығы жазда 31,5-32,5%, ұ\қыста 30,0-33,0 %.

Иравади дельфині, дюгонь, оңтүстік майшабақ т.б. балықтар бар.

Негізгі порттар: Янгон (Мьянма) Джорджтаун (Малайзия) Пенанг (Малайзия)

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Индонезия теңіздері Санат:Тайланд теңіздері Санат:Андаман теңізі Санат:Үндістан географиясы Санат:Мьянма географиясы Санат:Малайзия географиясы Санат:Тайланд географиясы