Амфидиплоид ( — екі жағынан да,  — қосқабат және  — түр)  - екі өсімдік түрінің немесе туысының өз ара тозаңдануынан пайда болған будан. thumb|left|220px|Амфиплодия арқылы жаңа түрдің пайда болуы: диплоидты жасуша мейоздың нәтижесінде екі диплоидты гамета пайда болды. Олар өздігінен ұрықтанып - тетраплоидты зигота пайда болды.

Амфидиплоидтың ерекшелігі - оның жасушаларындағы хромосомалар саны ата-ана жасушасының диплоидты хромосома санына тең болады.

Амфидиплоид ағзаның тіршілік қабылеті жоғары және ол сыртқа орта жағдайына бейімделгіш келеді.

Осыған байланысты Амфидиплоид жаңа ағза түрі ретінде табиғи жағдайда сақталып, өсіп-өнеді. Осы кезде алыс туысты өсімдіктерді будандастырып Амфидиплоид алу өсімдіктер генетикасы мен селекциясында кең қолданылады.

thumb|қарабидай + бидай = Тритикале Мысалы, Тікенді қара өрікті (Prunus spinosa) алшамен (Prunus divaricata) будандастыру нәтижесінде селекционерлер (Prunus domestica) алхорын дүниеге келтірді. Тритикале — қарабидаймен бидайдың амфидиплоиды Рафанобрассика — орамжапырақ пен шомырдың амфидиплоиды между рожью и пшеницей.

Амфидиплоидтар жануарлардың арасында да болады. Мысалы, тұт жібек құрты (Bombyx mori) және жабайы жібек құрты (Bombyx mandarina) арасында.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Жануарлар Санат:Генетика Санат:Хромосомдық өзгерістер