thumb|left|300px|Амур шағанағындағы портты қала - Владивосток thumb|left|300px|Владивосток, Спорт айлағы Амур шығанағы - Ұлы Петр шығанағының (Жапон теңізі) солтүстік- батысындағы жағалауындағы ішкі шығанақ.
Қиыр Шығыстағы Приморье өлкесінің оңтүстігімен шектеседі.
Ұзындығы - 65 км, ені 9 км-ден 20 км-ге дейін, тереңдігі 50 м-ге дейін.
Амур шығанағы - Тынық мұхиттың кішкене бір бөлігі. Қараша айынан бастап наурыздың соңы- сәуірдің басына дейін дейін қатады. Мамыр айында су жылу температурасы - +14 °C.
Амур шығанағының батыс жағасында жағасында портты қала - Владивосток және Трудовое елді мекені орналасқан, осы жаға бетінде курорт аумағы көптеген пансионат, санаторийлар және балалар демалыс орындары бар.
Солтүстік жағасында - Угловое, Прохладное, Зима Южная, Де-Фриз, Тавричанка және Девятый Вал елді мекендері орналасқан.
Батыс жағалауында - Береговое, Перевозная және Безверхово. Шығанақ жағалауында Щетинина мүйісі және шығанақ аймағында Коврижка, Речной аралдары бар.
Уссурийск шығанағына қарағанда жылы болып есептеледі.
Владивосток, Амур шығанағының панорамасы 1000px|Владивосток, Амур шығанағының панорамасы
Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Санат:Ресей шығанақтары