Артық хан немесе Атрак (сонымен қатар Артак, Ардак, Отрак, Отрок; ? — 1125 жылдан кейін) — қыпшақтардың ханы, Сарыханның ұлы, әйгілі Қоншақ ханның әкесі.Артық хан — Уикипедия ашық энциклопедиясы.

Өмірбаяны Кавказдағы кезең 1111 жылы Русь княздіктерінің біріккен әскерінен жеңіліс тапқаннан кейін, Артық пен Сырчан хандардың ордалары Төменгі Подонье мен Солтүстік Кавказ далаларына қарай шегінді.Гумилев Л. Н. Древняя Русь и Великая степь. — М.: Мысль, 1989. — 766 с. Басқа да ыдыраған қыпшақ ордаларының жасақтарымен толыққан Артық ханның әскері орыстарға қарсы тұрған дон аландарының одақтасына айналды.Что такое Атрак хан? — Словари и энциклопедии на Академике. 1117 жылы Солтүстік Кавказға келген қыпшақтар Белая Вежа бекінісін талқандады. Бұл қала тұрғындарын, сондай-ақ печенегтер мен торк тайпаларын Русь жеріне қоныс аударуға мәжбүр етті.Атрак — Ру-Википедия мақаласы.

Солтүстік Кавказда қыпшақтар аландарды, адығтарды және вайнахтарды ығыстырғанымен, XII ғасырдың басында олардың арасындағы шекара Қобан, Төменгі Малка және Терек өзендерінің бойымен тұрақталды. Аландар мен қыпшақтардың татуласуына Грузия патшасы IV Дәуіт (Құрылысшы) тікелей ықпал етті. Грузия мемлекетінің әскери қуатын арттыру мақсатында IV Дәуіт патша селжұқтардың басып кіру қаупінен сақтанып, 1118 жылы қыпшақтармен әскери одақ құрды.Кипчаки в Грузии — История переселения тюрок на Кавказ. Осы мақсатта Дәуіт патша қыпшақ көсемі Артықтың қызы Гурандухт (Тұрантоқты) есімді аруға үйленген болатын. Патша Дәуіт қыпшақтарға елшілер жіберіп, өз қайын атасын әскерімен бірге селжұқтарға қарсы соғысу үшін Кавказ сыртына шақырды. Қыпшақтар бұл ұсынысты қабылдады. Грузияға келген Артық ханның әскері әйелдер мен бала-шағаны есептемегенде 40 000 жауынгерді құрады. Бұған қоса, 5 000 таңдаулы сарбаз патшаның жеке гвардиясына қабылданды.Как кипчакское войско отстояло независимость Грузии — Информационный портал E-history.kz. Ал оның бауыры Сырчан ханның ордасы Дон бойында көшіп-конып қала берді. Артық хан IV Дәуітке аттанғаннан кейін, орыс княздіктері 1116–1117 жылдары Северский Донец өзені бойындағы алан кінәздігін біржола жойды.

Туған далаға оралуы 1125 жылы Киев кінәзі Владимир Мономах пен Грузия патшасы IV Дәуіт қайтыс болғаннан кейін, Сырчан ханның шақыруымен Артық хан өз ордасының бір бөлігімен Дон бойына қайта оралды.Быль и небыль — Казахстанская правда. Артық ханның өз адамдарымен бірге туған даласына оралуы тарихи-әдеби аңызбен тығыз байланысты: Сырчан хан Кавказға арнайы елші (немесе өзі) жіберіп, дәулеті тасып, құрметке бөленіп отырған Артықты елге шақырады. Алайда Артық хан туған жерге қайтудан бас тартады. Сонда Сырчан қойнынан өзімен бірге ала кеткен дала шөбін — ерменді (жусанды) алып иіскетеді. Құрғақ жусанның жұпар иісі Артық ханның шешімін демде өзгертіп, көзіне жас алдырады. Орыс жылнамаларында (Ипатьев жылнамасы) оның мынадай сөздері сақталған: «Жат елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» (көне орыс тілінде: «да лучше есть на своей земле костю лечи нели на чуже славну быти»).Сулейменов О. АЗиЯ. — Алма-Ата: Жазушы, 1975. — 304 с.

Әдебиет Плетнёва С. А. Половцы. — М.: Наука, 1990. Сулейменов О. АЗиЯ. Книга благонамеренного читателя. — Алма-Ата, 1975.

Дереккөздер

Санат:XII ғасырдағы тарихи тұлғалар Санат:Қыпшақ хандары Санат:Грузия тарихы