Автогамия (autogamia; грек, autos — өзім, өздігінен; gamos — неке) — кейбір қос жынысты өсімдіктердің өздігінен тозаңдануы және бір торшалы организмдердің (қарапайымдылардың) өздігінен ұрықтануы. Автогамия жолымен : морфологогиялық құрылысы ұқсас өсімдіктер (мысалы, арпа, бидай, күріш, бұршақ, қалампыр т. б.). бір торшалы организмдердің ядросы бөлініп, цитоплазмада екі бірдей гаплоидты ядро бір-біріне қосылады да, өзара ұрықтанады. Бұл диатомды балдырлар мен тірі организмдердің есебінен қоректенетін амебаларда кездеседі. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер
Санат:Өсімдіктердің көбеюі Санат:Даму биологиясы
en:Reproduction#Autogamy