Джеймс Бетчеллер Самнер - () (19.11.1887,Кантон (Массачусетс) — 12.08.1955,Буффало,Нью-Йорк ) — америкалық биохимик. АҚШ Ұлттық ғылым академиясының әрі Америка өнер және ғылым академиясының мүшесі.

Өмірдерек 1910 ж. Гарвард университетін бітірген. 1914 ж. философия ғылымың докторы болды. 1914-29 ж. Корнелл университетінде (Итака) биохимиядан сабақ берді. 1929 жылдан бастап осы университетте ферменттер химиясы лабораториясының директоры.

Ғылми еңбектері Ғылми еңбектері ақуыз бен ферменттер химиясына арналған. Алғаш рет кристалл түрінде фермент (уреаза) алып, ферменттердің белоктық табиғатын дәлелдеді.

Нобель сыйлығы Самнерге (У.Стенли және Дж.Нортроппен бірге) 1946 ж. химиядан Нобель сыйлығын берді.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:АҚШ биохимиктері Санат:Гарвард университеті түлектері