Америка Құрама Штаттарының президенті (, қысқартқанда АҚШ президенті) — АҚШ мемлекет және үкімет басшысы. Президент федералды үкіметтің атқарушы билігіне және жоғарғы бас қолбасшы ретінде АҚШ Қарулы күштеріне басшылық етеді.
Тұңғыш президент Джордж Уошингтонның 1789 жылғы сайлануынан бері президент өкілеттігі және ықпалы аса өскен. Президент лауазымы уақыт өте келе өзгермегенімен және билік ауысуының бейбіт қала бергенімен, президент XX ғасырдың басынан бастап Американың саяси өмірінде барған сайын маңызды рөл атқара келе береді. Бұл өзгеріс Франклин Рузвельт пен Джордж У. Буш президенттіктерінде аса байқалды. Қазіргі заманда АҚШ президенті — әлемдегі ең ықпалды лауазымдардың бірі, дүние жүзіндегі жалғыз жоғарғы державаның басшысы. Номинал жалпы ішкі өнімі бойынша ең ірі экономикасы бар елдің елбасы ретінде ішкі де, сыртқы да саясатында қатты да, жұмсақ күш те қолдана алады. XX ғасырдың біразында, әсіресе Қырғи-қабақ соғысы кезінде АҚШ президенті «азат әлемнің басшысы» деп те аталды.
Конституцияның 2-бабы федералдық үкіметтің атқарушы билігін белгілейді және атқарушы билікті президентке жүктейді. Өкілеттікке федералдық заңдардың орындалуы және федералды атқарушы, дипломатиялық, реттеуші және сот билік қызметкерлерін тағайындау жауапкершілігі кіреді. Президентке елшілерді тағайындау және оларды қабылдау және шетелдік мемлекеттермен келісімдер жасау құқығын беретін конституциялық ережелерге және Конгресс қабылдаған кейінгі заңдарға сүйене отырып, қазіргі президенттік АҚШ сыртқы саясатын жүргізу үшін негізгі жауапкершілікке ие. Рөлге әлемдегі екінші ең үлкен ядролық арсеналды және әлемдегі ең қымбат армияны басқару жауапкершілігі де кіреді.
Президент сонымен қатар федералды заңнама мен ішкі саясатты құруда жетекші рөл атқарады. Конституция президентке федералды заңға қол, не вето қою құқығын береді. Қазіргі заманғы президенттер әдетте өздерінің саяси партияларының көшбасшылары ретінде қарастырылатындықтан, саясаттың негізі соңғы президенттік сайлаудың нәтижесіне айтарлықтай тәуелді және президенттер саяси тәртібін ілгерілету мақсатымен президентке тәуелді болатын Конгресс мүшелеріне қай заңға қалай дауыс беру керектігін айтып тұрады. Соңғы онжылдықтарда президенттер ішкі саясатты қалыптастыру үшін жарлықтарды, агенттік ережелерін және сот тағайындауларын көбірек қолданатын болды.
Президент вице-президентпен бірге сайлаушылар алқасы арқылы жанама түрде төрт жылдық мерзімге сайланады. 1951 жылы ратификацияланған Жиырма екінші түзетуге сәйкес екі мерзімге президенттікке сайланған бірде-бір адам үшінші мерзімге сайлана алмайды. Сонымен қатар, тоғыз вице-президент президенттің қызметі кезінде қайтыс болуына немесе отставкасына байланысты президент болды. Дональд Трамп — елдің 45, 47- және қазіргі президенті, ол өкілеттігін 2025 жылғы 20 қаңтарда бастаған.
Үміткерлерге қойылған талаптар АҚШ Конституциясына сәйкес туғанынан АҚШ азаматы болып келген, 35 жастан асқан және Америка Құрама Штаттарында кемінде 14 жыл тұрған адам ғана Америка Құрама Штаттарының Президенті бола алады.
Бірінші мерзімге сайланған жасы ең үлкен президент сол күні 77 жасқа келген президент Джо Байден, ал екінші мерзімге қайта сайланған ең қарт президент 78 жастағы Дональд Трамп болмақ. Сайланғанында ең жас болған президент Джон Кеннеди болды, ол 43 жасында қызметке кірісті. Шындығында, ең жас президент Теодор Рузвельт еді, ол 42 жас, 10 айда болғанда қызметке кірісті, бірақ ол сайланбай қалған еді, өкілеттігін 1901 жылғы Уильям Мак-Кинли өлімінен кейін басталды.
1951 жылы қабылданған Конституцияға енгізілген 22-түзетуге сәйкес, бір адам АҚШ президенті болып екі реттен көп емес (қатарынан, не үзіліспен) сайлана алады. Сонымен қатар, егер адам сайланған президент өлімінен, не отставкасынан кейін билікке келсе (көбіне бұл вице-президент көретін жағдай) және 2 жыл, не одан да көп уақыт президент болса, онда бұл уақыт бір президенттік мерзім деп саналады да, адам кейіннен президент болып 1 реттен көп емес сайлана алады. Шындығында, президенттердің барлығы дерлік екі мерзім ғана билік еткен Джордж Уошингтонның үлгісімен бұрын осы жазылмаған ережені ұстанған. Алайда 1940 жылы Франклин Делано Рузвельт үшінші, ал 1944 жылы төртінші мерзімге сайланды (ол 1945 жылы қайтыс болды). Осыдан кейін Рузвельттің сіңірген еңбегін және оның қайта сайлануының ерекше жағдайларын (Екінші дүниежүзілік соғыс) кемітпей және болашақ диктатураға жол бермей, 1951 жылы ықтимал қайта сайлаулар санын заңнамалық тұрғыдан шектеу туралы шешім қабылданды.
Арасында үзіліс жасап екі мерзім қатарынан қызмет еткен жалғыз президент — Гровер Кливленд. 2025 жылғы 20 қаңтарда өкілеттігін бастамақ Дональд Трамп осындай жағдайға тап болған АҚШ тарихындағы екінші президент болмақ.
Қызметке келуі
нобай|оңға|АҚШ президенттері өкілеттігін инаугурациясы арқылы бастайды Жаңадан сайланған Президент және Вице-Президент сайлаудан кейінгі келесі жылғы 20 қаңтарда түскі сағатта қызметке кіріседі; ұлықталу, не инаугурация делінетін салтанатты рәсім өтеді. 1933 жылы АҚШ Конституциясына жиырмасыншы түзету қабылданғанға дейін инаугурация күні 4 наурыз өтетін еді.
Инаугурация кезінде Президент келесідей ант береді:
«Құдай көмектессін» деген сияқты сөзді соңында айту Конституцияда міндетті емес делінген, алайда ол дәстүр бойынша сонда да әр анттың соңында бар.
Айлығы Президент қызметi үшiн белгiлi бiр мерзiмде тұрақты сыйақы алады, ол ол сайланған кезеңде өзгере алмайды. Сондай-ақ осы кезеңде ол Америка Құрама Штаттарынан немесе кез келген штаттан басқа табыс ала алмайды. Бірақ ол басқа көздерден (мысалы, кітап сатудан) ақша алуға құқылы. Барак Обаманың президенттігі кезінде (2009–2017 жылдар аралығында) АҚШ президентінің жалақысы жылына 400 мың АҚШ долларын құраған. Дональд Трамптың президенттігі кезінде мемлекет басшысының жалақысы бұрынғы деңгейде сақталды ($400 000), бірақ Трамп жыл сайын осы соманың қайырымдылыққа беретінін айтты.
Заң шығарушы билігі Конституцияның 1-бабының 1-бөлімі барлық заң шығарушы өкілеттіктерді Конгресстің қолына береді, ал 1-баптың 6-бөлімінің 2-тармағы президентке (және барлық басқа атқарушы билік өкілдеріне) бір уақытта Конгресс мүшесі де болуына жол бермейді. Осыған қарамастан, қазіргі президенттік билік конституциялық ережелерге және уақыт өте келе тарихи оқиғаларға байланысты заңнамаға айтарлықтай билік етеді.
Заңнамаға вето беру, не қол қою нобай|оңға|АҚШ президенті Линдон Бэйнс Джонсонның Азаматтық құқықтар туралы заңға қол қоюы, 2 шілде 1964. Бақылап жатқандар қатарында кіші Мартин Лютер Кинг те бар. Президенттің ең маңызды заң шығарушы өкілеттігі өзінің Конгресс қабылдаған кез келген заң жобасына вето қою құқығы болып келеді. Конгресс президенттің ветосын жоққа шығара алатын болса да, ол екі палатаның үштен екісінің дауысын талап етеді, әдетте кең қолдау тапқан екі партиялық заңнаманы қоспағанда, оған қол жеткізу өте қиын. Конституцияны әзірлеушілер Конгресс өз билігін арттыруға және «көпшіліктің тираниясына» мүмкіндік беруге тырысып қалады деп қорқып, жанама түрде сайланған президентке вето жасау құқығын берді. Джордж Уошингтон вето заң жобасы конституцияға қайшы келетін жағдайларда ғана қолданылуы керек деп санағанымен, ол қазір президенттер заң жобасымен саяси келіспеушіліктер болған жағдайларда да қолданылады. Вето, не вето қою қаупі осылайша қазіргі президентті америкалық заң шығару процесінің орталық бөлігіне айналдырды.
Заңнаманың Конгресс арқылы қабылдануынан кейін Президенттің осы таңдауы бар: Жексенбі күндерін қоспағанда он күн ішінде заңға қол қою, заң жобасы осылайша заңға айналады; Жоғарыда көрсетілген мерзімде заңға вето қойып, оны шыққан Конгресс палатасына қайтарып, кез келген қарсылық білдіру. Конгресстің екі палатасы да үштен екі дауыспен ветодан бас тартуға дауыс бермесе, заң жобасы заңға айналмайды; Жоғарыда көрсетілген мерзімде заңнамаға қатысты ешқандай әрекет жасамау — егер Конгресс сол уақытта осыны кейінге қалдырылмаса, заң жобасы президент қол қойғандай ғана заңға айналғандықтан, бұл жағдайда ол заңға айналмайды.
Ниетін білдіруі нобай|оңға|Президент Барак Обаманың Конгресс алдында Ел ахуалы туралы үндеуін беруі, 2015 жыл Америка тарихының көп бөлігінде президенттікке барған кандидаттар жаңа заңнама жасаймыз деген уәде беріп жатады. Конституция 2-бабы, 3-бөлімі, 2-тармағында президенттен Конгресске президент «қажет және орынды» деп санайтын шараларды ұсынуды талап етеді. Бұл әдетте президенттің алдағы жылға арналған заңнамалық ұсыныстарын сипаттайтын конституцияға негізделген Ел ахуалы туралы үндеуі және Конгресспен басқа да ресми және бейресми байланыстар арқылы жүзеге асырылады.
Президент Конгресске өзі қажет деп санайтын заңдарды қабылдауды ұсыну, сұрау немесе тіпті талап ету арқылы заң шығаруға қатыса алады. Оған қоса, президент депутаттарға ықпал ету арқылы заң шығару процесіне өзгеріс жасауға құқылы. Президенттер бұл өкілеттікке ие, өйткені Конституция кімнің заң шығаруы мүмкін екендігі туралы үндемейді, бірақ президенттің бұл нәрсе жайлы өкілеттігі шектеулі, өйткені заңнаманы тек Конгресс мүшелері ғана шығара алады.
Президент немесе атқарушы биліктің басқа лауазымды тұлғалары заң жобасын әзірлей алады, содан кейін сенаторлардан немесе өкілдерден осы жобаларды Конгресске енгізуді сұрай алады. Бұған қоса, президент бұл заңға вето қоямын деп қорқыту арқылы Конгрессте ұсынылған заңнаманы өзгертуге тырысуы мүмкін.
Конгрессті шақырту және таратуы Конгресс отырысы болмаған кезде туындаған ірі ішкі немесе халықаралық дағдарыс жағдайында үкіметке жылдам әрекет етуге мүмкіндік беру үшін президентке Конституцияның 2-бабының 3-бөлімі бойынша Конгресстің бір немесе екі палатасының кезектен тыс сессиясын шақыру құқығы берілген. Джон Адамс мұны алғаш рет 1797 жылы жасағаннан бері президент 27 рет конгрессті арнайы сессияға шақырды. Ең соңғысын Гарри Трумэн 1948 жылғы шілдеде жасап еді.
Атқарушы билігі
Президент федералды үкіметтің атқарушы тармағының басшысы болып табылады және конституция бойынша «заңдардың адал орындалуына қамқорлық жасауға» міндетті. Атқарушы билікте әскерилерді қосқанда төрт миллионнан астам қызметкер бар.
Әкімшілік билігі Президент адамдарды саяси лауазымдарға тағайындай алады. Қызметін бастаған президент 4 000 дейін адамды қызметкері қыла алады; бұл жердегі 1 200 үміткерліктің АҚШ Сенаты арқылы расталғаны жөн, бұлар қатарына АҚШ кабинетінің мүшелері де жатады.
Президенттің атқарушы шенеуніктерді жұмыстан босату құқығы бұрыннан даулы саяси мәселе болып келеді. Жалпы, президент атқарушы билікті өз қалауы бойынша қызметінен босата алады. Дегенмен, Конгресс президенттің тәуелсіз реттеуші агенттіктердің комиссарлары мен кейбір төменгі лауазымды басшыларды жұмыстан босату құқығын заң бойынша шектей алады.
Өсіп келе жатқан федералды бюрократияны басқару үшін президенттер бірте-бірте өздерін АҚШ президентінің атқарушы кеңсесіне біріктірген көптеген қызметкерлер қабатымен қоршап алды. Атқарушы кеңседегі президент көмекшілерінің ішкі қабаты мен олардың көмекшілері Ақ Үй аппаратының басшысы басқарған Ақ Үйдің Кеңсесінде орналасқан.
Сыртқы саясаты нобай|оңға|АҚШ президенті Джордж Г.У. Буштың КСРО президенті Михаил Горбачёвпен бірге қағазға қол қоюы, Ақ Үй, 1990 жыл АҚШ Конституциясы президент «елшілерді қабылдауға» тиіс дейді. Бұл сөзді қазір АҚШ үкіметі президенттің сыртқы саясатта өте ықпалды болғаны жөн деп түсінеді. Конституция сондай-ақ президентке Америка Құрама Штаттарының елшілерін тағайындау және Америка Құрама Штаттары мен басқа елдер арасындағы келісімдерді ұсыну және негізінен келіссөздер жүргізу құқығын береді. Мұндай келісімдер АҚШ Сенатының кеңесі мен келісімін алғаннан кейін (үштен екі көпшілік дауысы арқылы) федералдық заңның күшіне ие болады.
Заманауи технологияның дамуынан бері АҚШ президенттері шетелдік өкілдер мен мемлекет басшыларымен Америка Құрама Штаттарында да, шетелде де кездесіп жүреді.