Нәбижан Мұқаметханұлы (12 сәуір 1954, Мұқыр ауылы, Тоғызтарау ауданы, Іле Қазақ автономиялық облысы, ҚХР) – қытайтанушы ғалым, тарих ғылым докторы (2001), профессор (2009).

Қытайдағы өмір кезеңі 1977 жылы Қытайдың Гуаньчжоу қаласындағы мемлекеттік университетін бітірген. 1977—1980 жылдары Еңбек жолын Іле Қазақ автономиялық облысындағы үгіт-насихат бөлімінде бастады. 1980—1993 жыдары ІХР Шыңжаң қоғамдық ҒА Орталық Азия зерттеу институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, директордың орынбасары болды.

Қазақстанда 1993—1997 жылдары Қазақстанға оралып, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында докторантурада оқыды. 1997 жылдан осы институттың жетекші ғылыми қызметкері, сондай-ақ Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы. ХVIII – ХХ ғасырлардағы қазақ-қытай қарым-қатынастарын, Қытайдағы қазақтар тарихын, мәдениетін зерттеу ісінде ғылымға елеулі үлес қосты.Қазақ энциклопедиясы, 7 том

2008 жыл доцент атағын, 2009 жыл профессор атағын алды.

Шығармалары Тарихи зерттеулер, Ү., 1989; ХVIII – ХХ ғасырлардағы қазақ-қытай байланыстары, А., 1996; Чиң патшалығы кезіндегі қазақ халқы, Ү., 1998; Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы (1860 – 1920), А., 2000

Тағы қараңыз Шыңжаң Қытай Ш. Уәлиханов

Дереккөздер

Санат:Қытай қазақтары Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Сунь Ятсен атындағы Чжуншань университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары