thumb|Афиныдағы көне агораның қалдықтарына көрініс Агора () - Ежелгі Грекияда халық жиналысы. Жиналыс өткізілетін жер (қаланың орталықтары, базар). Бірте-бірте өз алдына мемлекет болған қалалардың саяси өмірінің орталығына айналды. Әсіресе Афиныдағы Агора өте әйгілі болды. Ол трапеция нобайлас келіп, айналасы қоғамдық ғимараттармен, жабық галереямен, ғибадатханамен қоршаған. Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Ежелгі Грекия сәулеті