Алтынарық — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Ақермен ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Меркі ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 29 км-дей жерде.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен475 452 95,2 232 233 100,4 243 219 90,1

Ауылда бастауыш мектеп, фельдшерлік пункт бар. Бұрын бұл ауыл "Меркі асыл тұқымды мал зауытының 1-ші бөлімшесі атанған.

Ауыл тарихы Алтын арық атауы - Алтын деген ананың есімінен туған. Ілгері уақытта Аспара мен Мықанды өзендерінің аралығында ботбай елінің Әлім-Жаныс руынан, Тұзақбай бидің шаңырағына Алтын есімді қыз келін болып түскен екен. Бұл шамамен қазақтың ашаршылық, қуғынға ұшыраған"Ақтабан шұбырынды" жылдарына сәйкес келсе керек. Сол кездегі Қорағаты өңірі ішінде Рысқұл, Тұзақбай би және басқа ауыл ақсақалдары тығырыққа тіреліп, қиыншылықтан шығатын жол таппай тұрғанда Алтын келін ел ағаларынан рұқсат сұрап, сөз алып: "Мықан өзеніне тосқауыл орнатып, сол арқылы қырға су шығарып егін егейік, барлық күш-жігерімізді осы іске бағыттайық. Тек сонда ғана төніп тұрған ашаршылықтан, жоқшылықтан құтыламыз" деген екен. Осыдан кейін барлық жиналған ақсақалдар осы сөзге тоқтап, билікті Алтын келінге беріпті.

Алтын келіннің тікелей басшылығымен Қылышбай, Әспет сияқты азаматтардың күшімен Аспара, Мықан өзендеріне байламта жасалып, 8 км-ге жуық арық қазып, екі жағына егін егіп, елді ашаршылықтан аман алып қалған. Міне, сол Алтын ананың қаздырған арығы әлі күнге дейін егіндік алқапты сумен қамтамасыз етіп отыр. Халқы үшін қызмет жасаған осындай абзал аналар ел есінде. Ауыл осыдан келіп Алтын арық атанған.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Меркі ауданы елді мекендері