Сейітжан Жақыпов (1921 жыл, Жақсы ауданы, Қима ауылы – 2005 жыл, Астана қаласы) – қоғам қайраткері.

Өмірбаяны Еңбек жолын 1940 жылы Есіл ауданы партия комитетінде техникалық хатшы болып бастаған. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Майданда 29-жаяу әскер дивизиясы құрамында соғысқа қатысты. Бөлімше командирі, полк комсомол ұйымының хатшысы болды. Ресей мен Беларусь қалаларын жаудан азат ету ұрыстарына қатысты. Сталинград майданында ауыр жарақат алды. Соғысты Кенигсберг қаласын азат етумен аяқтады. Майор дәрежесінде әскери міндетін 1946 жылға дейін атқарды. Әскерден оралған соң Есіл ауданы комсомол комитетінің 1-хатшысына сайланды. 30 жылдан астам уақыт партия ұйымдарында: бөлім меңгерушісі, ауданы партия комитетінде хатшы Атбасар мен Қима аудандарында кеңшар директоры қызметтерін атқарды. 1981 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты. аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалығына сайланды.

Марапаттары Еңбек Қызыл Ту ордені «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Жақсы ауданындағы көшеге есімі берілген.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1921 жылы туғандар Санат:Жақсы ауданында туғандар Санат:2005 жылы қайтыс болғандар Санат:Астанада қайтыс болғандар Санат:Ұлы Отан соғысы жаяу әскерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:КСРО майорлары Санат:Сталинград шайқасының қатысушылары