Альпі термопсисі () - Бұршақ тұқымдасының тентекмия тегінің биологиялық түрі Thermopsis alpina (Pall.) Ledeb. Описание таксона

Таралуы Қазақстандық төрт түрдің ішіндегі Алтайда және оңтүстік таулар Саур және Тарбағатайдан, солтүстік Тянь-Шань және Қырғыз Алатауына дейінгі аралықта кеңінен тараған.

Тастақты беткейлерде және шалғындықтарда, өзен аңғараларында, ортаңғы белдеуден өсімдіктер таралуының жоғарғы шегіне дейінгі (4500 м теңіз деңгейінен) аралықтағы қылқан жапырақты орман алаңқайларында өседі.

Сипаттамасы Онша биік емес (30 - 40см-ге дейін ) көпжылдық шөптес өсімдік, ұзын тамырсабақты және бірнеше қабырғалы түк басқан сабақтарымен.

Жапырақтары қысқа сағақты. Барынша ірі ( ұзындығы 4 см-ге дейін, ені 2 см ) эллипс тәрізді үш тақталы жапырақшалардан тұрады. Гүлшоғыры - қалың емес, сабақтың ұш жағына орналасқан шашақ.

Гүлдері қарама-қарсы немесе шоғырлана орныққан және жапырақтарға ұқсас ірі гүлжапырақшаларымен. Тостағаншасы түтікті-қоңыраулы, түп жағы қапқа ұқсас үрме, ал бас жағында бес жіңішке үш бұрышты тістері бар. Гүлдері ашық - сары, құрылысы бұршақ тұқымдастарға тән. Жалау ірі және кең (ұзындығы 3 см, ені 2 см-ге дейін ),онша терең емес ойығы ұш жағында, қанаты жалаудың бойының ұзындығындай, қайықшасы аздап қысқа. Термопсис жаздың ортасында маусым-шілдеде гүлдейді, тамызда жеміс салады.

Жемістері кең (2 см-ге дейін) таспа тәрізді бұршақтар, үштен-алтыға дейін қоңырлау тұқымдары бар.

Өсімдік түгелімен улы, мал жеген жағдайда қатты уланады.

Пайдалануы Тамыры, жер үсті бөліші және тұқымы медицинада кеңінен қолданылады. Олар қақырық түсіруге, кеуде тыныс жолдары ауруларына тұмау, өкпе қабынуына ем ретінде пайдаланылады. Тұқымынан жасалған препараттар қатты уланған немесе операциядан кейін және сынған кезде тыныс алуды қайта қалпына келтіру үшін қолданылады. Шөбінен жасалатын құрғақ ұнтақпен малдың жарасын емдейді, ал Бурятияда ұсақталған тұқымымен тышқандар мен атжалмандарды уландырады "Қазақстанның өсімдіктер әлемі" энциклопедиясы. Алматы: Алматыкітап баспасы, 2008..

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Thermopsis alpina (Pall.) Ledeb.

Санат:Бұршақтар тұқымдасы