thumb|"Донишноманың томдары"

"Донишнома", "Білім кітабы" ( форсӣ: دانشنامه) - Ибн Синаның көп томды энциклопедиялық шығармасы - Китаб ашшифоның ана тілі - парсы-тәжік тілінде жазылған қысқаша бір нұсқасы. Мұнда ежелгі гректерден келе жатқан "данышпандықтың бес ғылымы" баяндалған. Олар Ибн Сина өз сөзімен айтсақ: өлшем ғылымы - логика сезімге тікелей қатысы бар, қозғалыста және өзгерісте болатын заттар жөніндегі ғылым - физика әлем құрылысы мен орналасуы, аспанның және жұлдыздардың орны мен қозғалыс формалары туралы ғылым - астрономия дыбыстардың үндестік себептері, ән-күй (мелодия) қасиеттері жайлы ғылым - музыка табиғаттан тыс тұрған нәрселер туралы ғылым - метафизика. Бұлармен қатар астрономия алдында геометрияны, музыка алдында арифметиканы баяндайтын тараулар еңгізген. 1957 ж. бұл кітап кіші-гірім екі том болып Душанбе қаласыда орыс тіліде басылып шықты. Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Энциклопедиялар