Шмашева Батима ХасенқызыГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950.412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, Бірлік-Үстем колхозының звеношысы (1947). 1914 жылы Алматы қаласында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі Бастауыш мектептің 5 класын бітіріп, 16 жасында, 1930 жылы Калинин атындағы колхозға жұмысқа кіреді. Бірнеше жылдан соң "Бірілік-Үстем колхозына ауысып, колхоз хатшысы болып еңбек етеді, қоғамдық және өндірістік жұмыстарға белсене араласады. 1947 жылы қызылшашылар тобын басқарып, колхозда алдыңғы қатарлы топтардың деңгейіне жетеді. 2 гектар жердің әр гектарынан 800 центнерден, өздеріне бекітілген алқаптың әр гектарынан 385 центнерден қант қызылшасын алып, межеленген жоспарды асыра орындап, табысқа жетеді.
Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері