Цай РенГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950.412 стр. — Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қаратал ауданы, "Дальний Восток" колхозының звеношысы (1946). 1910 жылы Ресейде, Приморье өлкесі, Шкотовск ауданы, Гаамдон селосында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1937-1940 жылдары Қызылорда облысы, Арал ауданы, "Бүгін" балық зауытында жұмыс істейді. 1941 жылы Қаратал ауданы, "Дальний Восток" ұжымшарына жұмысқа кіріп, 1945 жылға дейін егіншілер бригадасында еңбек етеді. 1946 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болады. Бригада алғашқы жылдың өзінде-ақ әр гектардан 300 центнерден өнім алып, алдыңғы қатарлы топтардың бірі болады. 2 гектар жерден 800 центнерден өнім алуға міндеттеме алған олар, қажырлы еңбектерінің арқасында әр гектардан 870 центнерден қант қызылшасын жинап, міндеттемелерін асыра орындайды.

Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии

Санат:Социалистік еңбек ерлері