Терлікбаев МырзақұлГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950.412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Жаңалық колхозының егіншілер бригадасының бригадирі (1932). 1910 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1930 жылы Жаңалық колхозына кіріп, егіншілер бригадасында егінші болып жұмыс істейді. 1932-1941 жылдары егіншілер бригадасының бригадирі болды. Ұлы Отан соғысына қатысып, майданда болады.1944 жылы соғыстан соң өз колхозына оралып, жұмысын жалғастырады. 1945 жылы қант қызылшасынан межеленген 150 центнердің орнына әр гектардан 160 центнерден, астық дәнді дақылдан - межеленген 10 центнердің орнына әр гектардан 10,5 центнерден өнім алады; 1946 жылы - қант қызылшасынан - 282 центнерден, астық дәнді дақылдан - 11,5 центнерден; Осы жылы ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алғаны үшін КСРО Жоғарғы Советінің Президиумының Жарлығымен "За трудовую доблесть" медалімен наградталады; 1947 жылы - 4 гектар жердің әр гектарынан 833 центнерден қант қызылшасын алып, жоспарды асыра орындайды.
Наградалары "За трудовую долбесть" медалі (1946) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері