Мысыр тауығы немесе сырдаңтауық () — Африкада кең таралған Numididae тұқымдастағы жалғыз түрі қалған құс. Африкадан Ежелгі Грекияға және Ежелгі Римға енгізіліп, үйге үйретілген құс.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Биологиялық сипаттама Мысыр тауғының басы қауырсынсыз, басында әртүрлі бездер, шорлар болады. Тұмсығы үлкен емес, қармақ тәрізді. Қанаттары қысқа, дөгелек, құйрығы да қысқа, қаурсынмен жабылып тұрады. Еңбегінде томпақ сүйек шора бар, жағының астында қызыл етті бездер болады. Кеудесінің жоғарғы жағы және желкесі - қызғылт, ал қалған жерінің түсі - қара-сұрғылт майда ақ дақтарымен.
Құстар топтасып өмір сүреді. Осы әдетінің арқасыда бір-бірін келе жатқан қауыпты жағдайлар туралы ащы шыңғырық дауысымен ескертеді. Жылдам жүгіреді. Тал үстінде түнейді. Құрт-құмырсқамен, дәндермен көректенеді.Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. Жылына 5—10 жұмыртқа салады, жұмыртқаның қауызы мықты әрі қалың болады.
Таралуы Африкада (Сахараның оңтүстігінде) және Мадагаскар аралында таралған құс.Жизнь Животных т.6 Птицы М.: Просвещение 1986
Дереккөздер
Санат:Африка құстары Санат:Тауықтәрізділер