Omega - швейцариялық сағат маркасы.

Тарихы Компания 1848 жылы ашылған болатын. Оның негізін қалаушы 23-жастағы Луи Брандт болатын. Бұл кезде компания әлі ұстахана болатын.

1879 жылы Луидың өлімінен кейін, оның ұлдары Луи-Поль және Сезарь ұстаханадан үлкен сағат шығаратын фабрикаға айналдырыды.

1880 жылы фабрика Биль қаласына көшеді. 1894 жылы калибр жасаолған болатын. Ол Omega деп аталатын. 1903 жылы ағалы-інілер қайтыс болады, олар артынан Швейцариядағы ең үлкен сағат шығаратын компанияны 4 ұлдарына қалдырып кетеді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дағдарыста компания Tissot компаниясымен одақ құрады.

Компанияның өсуін Поль-Эмилия жалғастырады, ал 1955 жылы компания Джозеф Райзердің қол астына өтеді. Компания өзіне тағы елу шақты компанияларды қосып алып өсуін жалғастырады. Бірақ 1978-1980 жылғы дағдарыстар компанияны банкротқа әкеледі. Осы кездері япондық Seiko компаниясы Omega-ны өзіне қосып алуға тырысады, бірақ компанияны банктер құтқарып қалады.

Марапаттары 1900 - "Грекиялық храм" қол сағаты Парижде Гран-Приді жеңіп алады 1906 - Art Nouveau коллекциясы Миланда Гран-приді жеңіп алады 1936 - Omega қолсағаты Кью-Теддингтондағы дәлдіктен жеңеді. Ғарышта 1965 жылы NASA Omega қол сағатын және басқа да сағаттарды ғарышқа ұшырады. Бұл кездегі сынақтан тек Omega Speedmaster сағаты ғана өтеді.

Дереккөздер