Павел Валерьевич Дуров (10 қазан 1984, Ленинградта туған) — орыс кәсіпкері, программист, миллиардер, "Вконтакте" әлеуметтік желісінің жасаушыларының бірі. 2001 жылы өте жақсы деген бағамен академиялық гимназиясын бітірді. 2006 жылы - Санкт-Петербургтың мемлекеттік университетін бітірді.

Өмірбаяны Павел Дуров 1984 жылы 10 қазанда Ленинградта туды. Қарапайым мектепте ұзақ оқымай Академиялық гимназияға түсті. Ол 11 жасында программалауды үйрене бастады. 2002 жылы Павел СПбГУ-дың Филологиялық факультетіне түсті. Студенттік өмірге белсене қатысқаны үшін ол Ресей Федерациясының стипендиясымен марапатталды. Информатикадан, лингвистика және дизайн олимпиадаларынан жеңген. Оқып журген кезінде де Павел Интернет-жобаларды жасаумен айналысқан. Мысалы Durov.com және spbgu.ru. Ол америкада Facebook сайтын көре сала, еліне келіп "ВКонтакте" интернет-жобасын ашты.

Отбасы Павелдың әкесі Валерий Семенович Дуров филология ғылымдарының докторы болған. Ағасы - Николоай Валерьевич Дуров физика-математика ғылымдарының кандидаты.

ВКонтакте

ВКонтакте немесе VK (, "байланыста" деген мағына береді) — бұл көбінесе орыстілді ғаламторда (рунет) танымал ресейлік көптілді халықаралық сайт, әлеуметтік желі. 2013 жылда зерттеулер бойынша “ВКонтакте” сайтына күніне 43 миллион адам кіреді. "Вконтакте" сайтының негізін салушы — Павел Дуров. Танымалдылығы жөнінен Белорусь, Қазақстан және Украинада – бірінші орынды, Ресейде – екінші орынды иеленеді. 2014 жылы 24 қаңтарда Дуровтың өзінің «Вконтакте»-дегі 12 % акциясын Иван Тавринға сатып жібергені және енді қоғамдық желінің ендігі еншілесі еместігі белгілі болды.

Өмірге деген көз қарасы Павел Дуров либералдық көзқарасты ұстанады, ал тамақтануда вегетарианшыл.

Дереккөздер

Санат:Санкт-Петербург мемлекеттік университеті түлектері Санат:ВКонтакте Санат:Павел Дуров Санат:Ресей кәсіпкерлері Санат:Ресей бағдарламашылары Санат:Рунет тұлғалары Санат:Ресейдің либертариандықтары Санат:Ресей миллиардерлері Санат:Интернет-кәсіпкерлер Санат:Ресейдегі наразылық қозғалысының қайраткерлері (2011—2013) Санат:Орыс эмиграциясының төртінші толқыны