Бикеш () — зодиактік шоқжұлдыздың бірі. Оны аспан экваторы шамамен қақ бөледі. Бикештің төңірегінде Вероника шашы, Сиыршы, Жылан, Гидра, Құзғын, Арыстан, т.б. шоқжұлдыздар орналасқан.

Бикештің ең жарық жұлдызы — Спика (жарқырауы 0,98m). Бикеш шоқжұлдызынан радио сәулесінің галактикадан тыс орналасқан қуатты көзі (Vіr A) анықталды. Қазақстанның солтүстік аймақтарында қыс және көктем айларында көрінеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер</span>

Санат:Зодиак шоқжұлдыздары Санат:Катастеризмдер Санат:Бикеш (шоқжұлдыз)