Николай Иванович АлемскийГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950.412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), тракторшы. 1914 жылы Алматы қаласында туған.
Еңбек жолы 11 жасынан жұмысқа араласады. 1929 жылы Калинин атындағы колхозға кіріп, 1933 жылы тракторшы курсын бітірген соң тракторшы болып еңбек етеді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына қатысып, әскери техниканың жүргізушісі болады. 1945 жылы соғыстан кейін еліне қайтқан соң тракторшылар бригадасын басқарады. 1946 оның басқаруымен бригада трактормен жасалатын жұмыс тапсырмасын 162 %, ал 1947 жылы - 168 % және 1948 жылы - 138 % орындаған. 1947 жылы тракторшылар бригадасы өңдеген жерден колхоз әр гектардан 15,5 ц, жоғары өнім беретін жерден 22,14 ц. өнім жинаған.
Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948) Медальдар
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:1987 жылы қайтыс болғандар