Құмшағал — Жамбыл облысы Тараз қаласындағы ықшам аудан, бұрынғы Құмшағал ауылдық округі орталығы. 2012 жылға дейін Жамбыл ауданы құрамында болды.

Тарихы Құмшағал ауылының пайда болуы 1931 жылы Түрксіб теміржолының құрылысына тікелей байланысты, алғашқы кезде теміржол бекеті болып, "106 разъезд" деп аталған. Сол кезде теміржол маңынан теміржолға қажетті тас, құм, шағал шығаратын карьер ашылды. Құм мен шағал шығаратын орын болғандықтан бекет пен болашақ ауылдың аты Құмшағал деп аталған. Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Географиялық орны Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км жерде орналасқан.

Халқы Тұрғыны 6,4 мың адам (2009).

Дереккөздер

Санат:Тараз қалалық әкімдігінің таратылған елді мекендері