Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова (23 желтоқсан 1943 жылы туған, Ақмола облысы, Астрахан ауданы Астраханка ауылы) – прозаик, драматург, қоғам қайраткері. КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1972).

М. Горький атындағы Мәскеу әдебиет институтын бітірген (1974). Орта мектепте мұғалім, Астрахан ауданы комсомол комитетінде нұсқаушы (1961 – 1964). 1965 жылдан «Қазақстан», «Жалын» баспасында редактор. 1976 – 1987 жылы ҚазКСР мемлекеттік кино, «Жаңа фильм» журналында бас редактор, Қазақстан КП ОК-нде жауапты қызметкер. 1988 жылдан «Қазақ» журналының бас редакторы. 1990 жылдардың басында Қазақстан көші-қон және демография агенттігін басқарды. Қазақстанның халық депутаты болып сайланған

Шығармашылығы

Шығармашылық жолын 1961 жылы бастады. «Амина, волки и конец света» (1967) «Аккоян – белая гончая» (1970) «Шалунья» (1972) «Перешагнувшие порог» (1982) «Неугомонная женщина» (1985) кітаптары жарық көрді. «Муслима» кинофильмінің сценарийін жазған.

Әңгімелері қазақ, неміс тілдеріне аударылған. Пьесалары Қазақстан, Өзбекстан театрларында қойылды.Қазақ ЭнциклопедиясыҚазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:23 желтоқсанда туғандар Санат:1943 жылы туғандар Санат:Астрахан ауданында туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан драматургтері Санат:КСРО жазушылары Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары