Ысқыш Боб Шаршы Шалбар () — Америкалық мультсериал. 1999 жылдың 17 шілдесінде шығарылған. Бұл мультсериал Тынық мұхитының астындағы Бикини Боттом атты қалада түсірілген. Қазақстанда бұл сериал NTK арнасында орыс дубляжымен, кейін КТК арнасында көрсетіліп, қазір Nickelodeon арнасында көрсетілуде.
Кейіпкерлер
Ысқыш Боб (Спанч Боб) – мультсериалдың басты кейіпкері. Ананас үйде Гэрри атты ұлуымен бірге тұрады. Медуза аулағанды жақсы көреді.
Патрик Стар (Патрик Жұлдыз) – Ысқыш Бобтың көршісі және оның жан досы.
Сквидвард Тэнтаклс – Үйі Патрик пен Ысқыш Бобтың үйлерінің ортасында орналасқан. Сол екі досты жек көреді. Менмен, тәкәппар сегізаяқ.
Крабс мырза – қызыл ашкөз краб, жасөспірім Перл атты қызын жалғыз тәрбиелейді.
Сэнди Чикс – Техастан келген тиін, су астында тыныс алу үшін скафандр киіп жүреді.
Планктон - Красти Крабқа қарама қарсы Қоқыс шелегінде әйелі Каренмен тұрады. Жалғыз көзді планктон. Юджин Крабстың құпия рецептісін тауып алғысы келеді.
Эпизодтар тізімі