Чосон әулеті ( кәр. 조선 (朝鮮) [Чосон], 대조선국 (大朝鮮國) [Тэджосонгук], сондай-ақ Ли әулеті) — 1392 жылдан 1897 жылға дейінгі ауқымды кезеңде билік құрған Кореяның соңғы әулеті. Оның алдындағы әулет төрт ғасырға жуық билік құрған Корё әулеті болған.
Ресми түрде Ли Соңге (Тхэджо) негізін салған. Ли Соңге Корей түбегіне шабуыл жасаған жапон пираттарына қарсы тұруымен танымал болған. Кейіннен генерал Ли соңғы Коре әулетіне қарсы көтеріліс жасады. Чосон атауы аңыз бойынша б.з.д 2333 жылы құрылған Ежелгі Чосон атауынан шыққан. Әулеттің 518 жылға созылған билігі 1910 жылы Кореяның Жапониямен аннексиясынан кейін жойылды.
Патшалары Тхэджо 태조 (1392—1398) Чонджон 정종 (1398—1400) Тхэджон 태종 (1400—1418) Седжон 세종 (1418—1450) Мунджон 문종 (1450—1452) Танджон 단종 (1452—1455) Седжо 세조 (1455—1468) Йеджон 예종 (1468—1469) Сонджон 성종 (1469—1494) Ёнсан-гун 연산군 (1494—1506) Чунджон 중종 (1506—1544) Инджон 인종 (1544—1545) Мёнджон 명종 (1545—1567) Сонджо 선조 (1567—1608) Кванхэгун 광해군 (1608—1623) Инджо 인조 (1623—1649) Хёджон 효종 (1649—1659) Хёнджон 현종 (1659—1674) Сукчон 숙종 (1674—1720) Кёнджон 경종 (1720—1724) Ёнджо 영조 (1724—1776) Чонджо 정조 (1776—1800) Сунджо 순조 (1800—1834) Хонджон 헌종 (1834—1849) Чхольчон 철종 (1849—1864) Коджон 고종 (1864—1907) Сунджон 순종 (1907—1910)
санат:Корея тарихы