Boeing 747 — американдық Boeing компаниясы жасап шығарған кең фюзеляжды жолаушы және жүк тасымалдаушы ұшағы, әлемдегі ең бірінші екіпалубалы кең фюзеляжды жолаушы ұшағы. Көбіне «Джамбо Джет» (ағыл. Jumbo Jet) немесе 747 атауымен белгілі. Алғаш ұшуы 1969 жылы 9 ақпанда болды. Өзінің жасалу уақытында ұшақ әлемдегі ең ауыр, үлкен әрі сыйымдылығы жоғары жолаушы ұшағы болды және ол осы атақты 2005 жылы Airbus A380 ұшағының алғашқы ұшуына дейін иеленді.

Тарихы Жобалануы Боинг 747 ұшағының жобасы 1960-жылдардағы әуе тасымалдарының жедел өсуі жағдайында пайда болды. Осы кезде АҚШ әуе тасымалында кең таралған Боинг 707 ұшақтары өсіп бара жатқан жолаушылар көлеміне шамасы жетпей жатты. Боинг корпорациясы осыған дейін АҚШ әскеріне арналған үлкен тасымалдаушы ұшағын жобалаумен айналысқан болатын, алайда корпорация Локхид компаниясының C-5 "Гэлакси" жобасынан жеңіліп қалды. Осы кезде компанияның ең сенімді сатып алушысы - Pan American әуе компаниясы 707 ұшағынан екі есе үлкен жолаушы ұшағына өз талаптарын жасап шығарды. 1966 жылы компания 747 атауы берілген жаңа ұшақтың конфигурациясын ұсынды. Алғашқыда ұшақ жобасы толықтай екі палубадан тұрды, бірақ бұл конфигурациямен шамалы қиындықтар пайда болғаннан кейін "өркешті" ұшақ нұсқасы белгіленді. Алғашқы сериядағы 100 ұшақтың 25-ін Pan Am сатып алды.

Ұшақ жарыққа шыққан уақытта мұндай ірі ұшақтарды жақын арада дыбыстан жылдам ұшақтар алмастырады деген тұжырымдар жасалған болатын. Сол себепті 747 бастапқыда жүк-жолаушы тасымалдайтын ұшақ болып жобаланды. Уақыт өте келе ұшақтарды толықтай жүк тасымалдаушыға қайта жарақтандыру маселесі де қарастырылған. Болашақта ұшақтың мұрын жағын жүк аппареліне айналдыру үшін экипаж кабинасы жоғарғы палубаға орналастырылды. Алдын ала есептеулер бойынша нарыққа 400-ге жуық ұшақты қажет делінген болатын, алайда 1993 жылы корпорация мыңыншы ұшақты жасап шығарды. 747 сатылымдар тек 21 ғасырдың алғашқы онжылдығында ғана азая бастады.

Ұшақтар өндірісі шамалы қиындықтармен кездесті: Боинг зауыттары мұндай ірі ұшақтарды өндірұге шамасы жетпейтін еді. Сол себепті Вашингтон штатындағы Эверетт қалашығында болашақ ұшақтар жанұясының үйі болған зауыт салынды.

Pratt & Whitney компаниясы алғашқыда тек 747 ұшағында қолданылған JT9D екі контурлылық дәрежесі жоғары үлкен турбовентиляторлы қозғалтқышын жасап шығарды. Қауіпсіздік деңгейін және ұшақтың ұшу сапасын арттыру мақсатында 747-де төрт қосымша гидраликалық жүйе және стандартты ұзындықтағы ұшу-қону жолақшаларында ұшақты қолдануға мүмкіндік берген саңылаулы жалғасқанатшалар қолданылды.Boeing 747 тарихы

Қолданысқа енгізілуі

Нұсқалары

747-100 нобай|270px|Garuda Indonesia әуекомпаниясының Boeing 747-100 ұшағы Boeing 747-100 — Boeing 747 кеңфюзеляжды жолаушылар ұшағының алғашқы сериялық нұсқасы. Бұл модель әлемдегі алғашқы «джамбо-джет» ретінде танылып, ұзақ қашықтықтағы халықаралық әуе қатынасын дамытуда үлкен рөл атқарды.

Ұшақ жобасын Boeing компаниясы 1960-жылдардың соңында бастады. Негізгі мақсаты — көп жолаушыны бір рейспен тасымалдай алатын ірі әуе кемесін жасау болды. Алғашқы ұшу 1969 жылы орын алды. 1970 жылдан бастап коммерциялық қызметке енгізілді. Барлығы 167 дана ұшақ өндірілген.

Экипаж саныЖолаушылар сыйымдылығыҰзындығыҚанат құлашыМаксималды ұшу қашықтығы 3 366 70,6 м 59,6 м 9 800 км

747SP

нобай|270px|Air China әуекомпаниясының Boeing 747SP ұшағы нобай|270px|Syrian Air әуекомпаниясының Boeing 747SP ұшағы Boeing 747SP — Boeing 747 кеңфюзеляжды жолаушылар ұшағының қысқартылған және алыс қашықтыққа ұшуға арналған нұсқасы. SP (Special Performance) — «ерекше өнімділік» деген мағынаны білдіреді. Ұшақ 1970-жылдары ұзақ қашықтықтағы халықаралық рейстер үшін жасалған.

Ұшақ жобасын Boeing компаниясы 1973 жылы бастады. Негізгі мақсаты — жолаушы саны аз, бірақ өте ұзақ қашықтыққа ұшатын бағыттарға арналған ұшақ жасау болды. Алғашқы ұшу 1975 жылы орын алды. 1976 жылдан бастап коммерциялық қызметке енгізілді. Барлығы 45 дана ұшақ өндірілген.

Экипаж саны Жолаушылар сыйымдылығыҰзындығыҚанат құлашыМаксималды ұшу қашықтығы 3 331 56,3 м 59,6 м 12 300 км

747-200 нобай|270px|Iran Air әуе компаниясының Boeing 747-200 ұшағы Boeing 747-200 — Boeing 747 кеңфюзеляжды жолаушылар ұшағының жетілдірілген нұсқасы. Бұл модель алдыңғы 747-100 нұсқасына қарағанда қуатты қозғалтқыштармен және ұшу қашықтығының ұлғаюымен ерекшеленеді. Ұшақ жолаушылар, жүк және аралас нұсқаларында шығарылған.

Ұшақ жобасын Boeing компаниясы 1970 жылдардың басында жетілдірді. Негізгі мақсаты — ұзақ қашықтыққа көбірек жүк пен жолаушы тасымалдау болды. Алғашқы ұшу 1970 жылы орын алды. 1971 жылдан бастап коммерциялық қызметке енгізілді. Барлығы 393 дана ұшақ өндірілген.

Экипаж саныЖолаушылар сыйымдылығыҰзындығыҚанат құлашыМаксималды ұшу қашықтығы 3 452 70,6 м 59,6 м 12 700 км

747-300 нобай|270px|Japan Airlines әуе компаниясының Boeing 747-300 ұшағы Boeing 747-300 — Boeing 747 кеңфюзеляжды жолаушылар ұшағының жетілдірілген нұсқасы. Бұл модельдің басты ерекшелігі — жоғарғы палубасының ұзартылуы, соның арқасында жолаушылар сыйымдылығы артты. Сондай-ақ жаңа баспалдақ жүйесі енгізілді.

Ұшақ жобасын Boeing компаниясы 1980-жылдардың басында әзірледі. Негізгі мақсаты — жолаушылар сыйымдылығын арттыру және пайдалану тиімділігін жақсарту болды. Алғашқы ұшу 1982 жылы орын алды. 1983 жылдан бастап коммерциялық қызметке енгізілді. Барлығы 81 дана ұшақ өндірілген.

Экипаж саныЖолаушылар сыйымдылығыҰзындығыҚанат құлашыМаксималды ұшу қашықтығы 3 496 70,6 м 59,6 м 12 400 км

747-400

нобай|270px|Air China әуе компаниясының Boeing 747-400 ұшағы Boeing 747-400 — Boeing 747 кеңфюзеляжды жолаушылар ұшағының ең танымал және кең таралған нұсқаларының бірі. Бұл модель алдыңғы нұсқаларға қарағанда жаңа қанат ұштары, заманауи авионика және үнемдірек қозғалтқыштарымен ерекшеленеді.

Ұшақ жобасын Boeing компаниясы 1980-жылдардың соңында жетілдірді. Негізгі мақсаты — жанармай тиімділігін арттыру және ұшу қашықтығын ұлғайту болды. Алғашқы ұшу 1988 жылы орын алды. 1989 жылдан бастап коммерциялық қызметке енгізілді. Барлығы 694 дана ұшақ өндірілген.

Экипаж саныЖолаушылар сыйымдылығыҰзындығыҚанат құлашыМаксималды ұшу қашықтығы 2 524 70,6 м 64,4 м 13 450 км

747-8

Boeing 747-400 ұшағының 5,5-метрге ұзартылған нұсқасы. нобай|270px|Air China әуе компаниясының Boeing 747-8 ұшағы Boeing 747-8 — Boeing 747 кеңфюзеляжды жолаушылар ұшағының ең соңғы және ең үлкен нұсқасы. Бұл модель ұзартылған фюзеляжымен, жаңа буындағы қозғалтқыштарымен және жетілдірілген қанат құрылымымен ерекшеленеді. 747-8 екі негізгі нұсқада шығарылады: жолаушыларға арналған (747-8I) және жүк тасымалына арналған (747-8F).

Ұшақ жобасын Boeing компаниясы 2000 жылдардың ортасында бастады. Негізгі мақсаты — сыйымдылығы жоғары әрі жанармай тиімді ұшақ жасау болды. Алғашқы ұшу 2010 жылы орын алды. 2011 жылдан бастап коммерциялық қызметке енгізілді.

Экипаж саныЖолаушылар сыйымдылығыҰзындығыҚанат құлашыМаксималды ұшу қашықтығы 2 581 76,3 м 68,4 м 14 320 км

Boeing 747 LCF Dreamlifter Boeing 747 LCF Dreamlifter — Boeing 747 жүк ұшағының арнайы модификациясы. LCF — «үлкен жүк тасымалдаушы» дегенді білдіреді. Бұл ұшақ негізінен Boeing 787 ұшағының ірі бөлшектерін тасымалдау үшін жасалған.

Ұшақ Boeing 747-400 негізінде қайта жасалды. Фюзеляжы айтарлықтай үлкейтіліп, өте көлемді жүктерді тасымалдауға мүмкіндік береді. Жобаны Boeing компаниясы 2000 жылдың ортасында іске асырды. Алғашқы ұшу 2006 жылы орын алды. 2007 жылдан бастап қызметке енгізілді. Барлығы 4 дана ұшақ жасалған.

Экипаж саныҰзындығыҚанат құлашыМаксималды жүк көлемі 2 71,7 м 64,4 м 1 840 м³

Тағы қараңыз Airbus A380 Дереккөздер

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Ресми сайты . Список катастроф Boeing 747 . Boeing 747 // National Geographic .

Санат:Boeing ұшақтары Санат:Жолаушы ұшақтары