Шымкенттің дендросаябағы – ағаштар патшалығы

«Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы жылғы 24 наурызындағы №83 қаулысының негізінде құрылған. Саябақты құруға облыстық бюджеттен 650-700 млн. теңгедей қаражат бөлінді. Жалпы көлемі 117 гектар.

Қазақстан дендросаябақтары Қазақстан бойынша екі дендросаябағы бар олар: Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан. Шымкент қаласындағы дендросаябақ - ең алғашқы саябақ. Ол 1979 жылы орталық қоқыс үйіндісінен тұрғызылған болатын.

Ағаштар саны-500 мың-нан астам. Шөптесін өсімдіктер саны-1млн.360 мың. Дендросаябақта тәртіп сақтау ережелері дәрілік шөптерді жинауға; от жағуға; ағаштарды қырқуға; аң мен құсты аулауға; балық ұстауға; демалған жерде тамақ қалдықтары мен күл-қоқысты қалдыруға болмайды.

Шымкент дендросаябағының флорасы мен фаунасы Шымкент дендрология саябағы жер шарының түпкір-түпкірінен жинақталған ағаштарға бай. Көктерек, балқарағай, самырсын және магнолия ағаштарының көшеті егіліп, түрлі 584 өсімдік өсірілуде және де Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Мексика Штатынан әкелінген "қасқыр жидегі" ағашы өсуде. Дендрологиялық саябақтың аумағы фаунамен байытылды. 20 тиін, 4 елік пен теңбіл бұғы, 10 тауыс құсы орын салып, аумағы өңдеуден өткен көлге аққу, қаз, үйрек сияқты құстардың 22 данасы мен 20 мың дәумаңдай балық жіберілді.

Дереккөздер http://www.sael.kz/index.php/dendropark http://www.shymkent.gov.kz/index.php/component/k2/item/477-%D1%88%D1%8B%D0%BC%D0%BA%D0%B5%D0%BD%D1%82%D0%BA%D0%B5-%D0%B1%D0%B0%D1%80%D0%B4%D1%8B%D2%A3-%D0%B1%D0%B0-%D1%88%D1%8B%D0%BC%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D1%8B-%D0%BA%D3%A9%D1%80%D0%B4%D1%96%D2%A3-%D0%B1%D0%B5?

Санат:Қазақстан дендросаябақтары