thumb|Instagram 16 түрлі сүзгілерді пайдаланып жүзеге асыратын сурет нұсқалары.|274x274px Instagram — фотосуреттер және видео бөлісуге арналған әлеуметтік желілік онлайн қызмет. Оның көмегімен қолданушылардың фотосуреттер жасауға, оларға сүзгі қолдануға, сонымен қатар, оларды өзінің сервисі немесе басқа да әлеуметтік желілер арқылы таратуға мүмкіндіктері бар. Instagram фотосуреттерді Kodak Instamatic және Polaroid камералары сияқты шаршы пішінінде жасайды. Мобильді фотоқолдаңғылардың көбісі қабырғаларының 3:2 және т.б форматты фото/видео қатынасын қолданады.

Қолдаңғы iPhone, iPad және iPod Touch құрылғыларымен iOS 4.3 пен, сонымен қатар OpenGL ES 2 қолдауымен Android 2.2 және жоғарырақ телефондарымен үйлесімді. Ол сәйкесінше App Store мен Google Play арқылы көпшілікке жүктеледі.

Тарихы Instagram әлеуметтік желісін дайындауды Кевин Систром мен Майк Кригер Сан-Францискода бастады.Успех Instagram. Самый полный материал с комментариями от первых пользователей. Желінің қосымшасы Apple компаниясының App Store атты қосымшалар дүкенінде 2010 жылдың 6 қазанда пайда болды.

Қосымша жарыққа шыққаннан біраз уақыт өткеннен кейін командаға Джош Ридель қосылды. Сол жылдың қарашасында Шейн Суини инженер ретінде, 2011 жылдың тамыз айында Джессика Золлман ИТ евангелист ретінде қосылды..

2011 жылдың қаңтарында қосымшада суреттерді және қолданушыларды іздеуді жеңілдету үшін хештег қосылды.

2011 жылдың cәуір айында қосымшаның 2.0 нұсқасы шықты. Ал 2012 жылдың сәуірінде қосымшаның Android платформасына арналған нұсқасы шықты және ол нұсқа бір тәуліктің ішінде миллионнан астам адам жүктед.

2012 жылдың 9 сәуірінде Facebook Instagram-ды 1 миллиард АҚШ долларына сатып алғанын жариялады. Сол жылдың 25 маусымында қосымша 2.5.0 нұсқасына жаңартылды.Facebook раскрыл подробности сделки по покупке Instagram.

2012 жылдың тамыз айында Instagram да бір секундта 575 Like басылып, 81 комментарий жазылды. Instagram-да қолданушылар айына орта есеппен 257 минут отырғанInstagram в СоцКаталоге .

2013 жылдың сәуір айында Instagram қолданушыларға фотода өздерін, достарын белгілеуге, фото түсірілген жерлерді белгілеуге мүмкіндік беретін функцияны қосқандарын жарияладыInstagram предоставил своим пользователям новые возможности.

2013 жылдың маусымында Instagram-да 15 секундтық видео қою мүмкіндігі пайда болды.

2013 жылды 21 қарашада желінің Windows Phone 8-ге арналған нұсқасы шықты.

2015 жылдың наурызында брендтерге өздерінің фотогалереясын ашуға болатыны мәлім болдыInstagram добавит кнопку «Купить сейчас» для страниц компаний .

2015 жылдың шілде айында Instagram-да 1080x1080 пиксельдік фотосуреттер қою мүмкіншілігі пайда болды.

2015 жылдың 30 қыркүйегінде Instagram-да 30 секундтық жарнамалық видеолар пайда болды.

2020 жылы Instagram әлеуметтік желісіне 10 жыл болды. Соған байланысты қазан айында қолданушылар бұл желінің иконкасын ауыстыра алды.

Масштабы 2010 жылы Instagram-ның 1 миллион қолданушысы болса, бұл көрсеткіш 2011 жылдың маусымында 5 миллион болды. Ал 2014 жылы наурыз айының соңында қолданушылар саны 200 миллионға жетті. 2011 жылдың шілдесінде Instagram-да жүктелген фотосуреттер саны 100 миллион болды, ал 2013 жылы қарашада желідегі фотосуреттер саны 16 миллиардқа жетті.

Reels 2019 жылғы қарашада Instagram жаңа қызметтің және «Reels» деп аталатын жаңа видео функциясының пилоттық нұсқасын Бразилияда іске қосқаны хабарланды, кейін ол Франция мен Германияға таралды . Функционалдығы бойынша ол қытайлық TikTok видеомен алмасу сервисіне ұқсас, және басты назар қолданушыларға басқа жазбалардағы бар дыбыстық үзінділерді қолданып қысқа бейнероликтер жазуға мүмкіндік беруге бағытталған . Бұл функцияның көмегімен қолданушылар ұзақтығы 15 секундқа дейін бейне түсіре алды . Reels сонымен бірге Instagram-ның қолданыстағы фильтрлері мен өңдеу құралдарымен интеграцияланады.

2020 жылдың шілде айында Instagram Reels сервисін Үндістанда іске қосты, себебі сол елде TikTok бұғатталған болатын . 2020 жылдың тамыз айында Reels ресми түрде АҚШ пен Ұлыбританияны қоса алғанда 50 елде іске қосылды, бұл қадам Қытайдың TikTok сервисін алмастыруға бағытталған болатын .

Марапаттары 2011 жылдың қаңтарда Instagram 2010 TechCrunch Crunchies конкурсында «Ең үздік мобильді қосымша» номинациясында екінші орын алды.

2011 жылдың мамыр айында Fast Company журналы жасаған «бизнестегі ең жасампаз 100 адам» тізімінің 66-орнына Instagram-ның бас директоры Кевин Систром қойылды.

2011 жылы қыркүйекте SF Weekly Web Awards конкурсында Instagram «Ең үздік жергілікті қосымша» номинациясын жеңіп алды.

2011 жылдың желтоқсан айында Apple Instagram-ды «iPhone-ға арналған жыл қосымшасы» деп таныды.

Дереккөздер

Қызықты деректер Instagram желісіне әр секунд сайын 58 жаңа фото жүктеліп отырады.http://matrix-ca.tv/ehksperty/markkhehm-nolan-kak-otdelit-pravdu-ot-vymysla-onlajjn/

Дереккөз

Сілтемелер

Санат:Әлеуметтік желілер Санат:Facebook