Қабанбай батыр ескерткіші – Жетісу облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген монументтік өнер ескерткіші.Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
Орналасқан жері Талдықорған қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, қаланың шығыс шетінде.
Сипаты Ескерткіш 2009 жылы орнатылып, сол жылдың жиырма төртінші қыркүйегінде ашылған. Ескерткіштің авторлары: сәулетші – Қабай Баулуков, мүсіншілер – Мәлік Жүнісбай, Болат Құсайынов. Биіктігі 5 м, салмағы 5 тоннаны құрайтын ескерткіш тұғыры граниттен, ескерткіш қоладан құйылып жасалған. Қабанбай батыр бес қаруын асынып тұр. Мемориалдық тұғырда «Қаракерей Қабанбай (Ерасыл) 1692-1770 жж.» деген жазу бар.Жетісу. Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004, - 712 бетАқпараттық кітапша. Жер жаннаты - Жетісу. Астана: «Атамекен, Қазақстан Картасы». 2012, – 110 бет
Дереккөздер
Санат:Жетісу облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Жетісу облысы сәулеті Санат:Жетісу облысы ескерткіштері