Балташ Молдабайұлы Тұрсымбаев (24 қазан 1946 — 14 тамыз 2022) — қазақстандық саясаткер.

Өмірбаяны Арғын тайпасының Қарауыл руының Жаулыбай Барғана бөлімінен шыққан. Омбы ауыл шаруашылық институтын бітірген (1969).

Мансабы 1969 жылдан Солтүстік Қазақстан облысында зоотехник, бас зоотехник, Преснов аудандық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды; 1975-1980 жылдары сонда “Жамбыл” кеңшарының директоры; 1980-1983 жылдары Бескөл аудандық партия комитетінің 2-хатшысы; 1983-1985 жылдары Соколов аудандық атқару комитетінің төрағасы; 1985-1986 жылдары Целинный аудандық партия комитетінің 1-хатшысы; 1986-1989 жылы Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитетінің төрағасы; 1989-1990 жылдары Қазақ КСР-і Мемлекеттік агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы болды; 1990-1991 жылдары ауыл шаруашылығы, азық-түлік және экология жөніндегі Қазақ КСР-і мемлекеттік кеңесшісі; 1991-1992 жылдары Қазақ КСР-і премьер-министрінің орынбасары; 1992-1993 жылдары ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі; 1993-1995 жылдары Қостанай облысы әкімі; 1995-1996 жылдары ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы; 1996-1998 жылдары Қазақстанның Түркиядағы елшісі; 1998-1999 жылдары ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметтерін атқарған; 1999 жылдан жеке кәсіпкерлікпен айналысты.

Марапаттары «Құрмет белгісі» ордені (1980), «Құрмет» ордені (2001) медальдарымен марапатталған. «Бостандық» сыйлығының лауреаты (2004).

Отбасы Үйленген. Жұбайы — Тұрсымбаева Күләш Сәрсенбекқызы. Ұлы және қызы бар.

Сілтеме «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия // Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Санат:Қостанай облысының әкімдері Санат:КОКП мүшелері Санат:Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлері Санат:Қазақстанның Түркиядағы елшілері Санат:Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары