Дат тілі () — даттықтардың тілі, скандинавиялық тілдердің бірі. Негізінен Дания мен Солтүстік Германияда таралған. Сөйлеушілердің жалпы саны — шамамен 5,7 млн адам.
Ресми мәртебе Дания Корольдігінің ресми тілі; XV—XIX ғғ. басында Норвегияның, XIX ғ.ортасына дейін — Шлезвиг-Гольштейннің ресми тілі болды.
Таралу аймағы және сөйлеушілер саны Дат тілі келесі елдерде тараған: Дания — барлығы 5 425 420 адам, соның ішінде 461 614 иммигрант, олардың жартысы датша сөйлей алмайды (2005Danmarks Statistik). Гренландия — 6,8 мың (2005, сарап) этникалық даттықтар арасында тараған және көптеген гренландтықтардың екінші тілі болып табылады. Фарер аралдары — фарер тілімен (түгелге жуық ферерлықтар шет тілдей сияқты дат тілін жақсы біледі) қатар ресми аясында қолданылады, бірақ Фарер аралдарында этникалық даттықтардың саны аса көп емес. Германия — Шлезвиг-ГольштейнNational minorities ; жерінде тұратын 50 мың даттықтар үшін ана тілі болып табылады.
Эмигранттар арасында Швеция — статистикалық кеңсенің ақпараты бойынша Швециядағы тұратын 42 602 даттықтар дат тілінде сөйлейді (2005). АҚШ — 2000 жылдың санағы бойынша 33 395 адам датша үйде ғана сөйлейдіThe 2000 American census. Канада — 2001 жылдың санағы бойынша 5295 адам датша үйде ғана сөйлейді. Австралия Аргентина
Диалекттер
«Стандартты» дат тілінде (Rigsdansk) Копенгагенде және жақын жердегі аймақтарда сөйлейді, сонымен қатар, әрбір аралдың өзіндік диалекті бар. Диалекттер 3 топқа бөлінеді: батыс (ютландтық, юттық) — Ютландия түбегі, оңтүстік, батыс және шығыс ютландтық деп бөлінеді; аралдық — Зеландия, Фюн және оңтүстік дат аралдары; шығыс — Борнхольм аралының диалекті;
Әдеби дат тілі зеланд диалекттердің негізінде XVIII ғ. пайда болды.
Жазуы Латын қарпін қолданатын дат әліпбиінде 29 әріп бар (Норвег тілімен бірдей). Әліппенің ерекшелігі — Ææ, Øø, Åå әріптері. Qq, Ww, Zz әріптері тек шетелдік сөздерде кездеседі. +Әліпби әріптеріӘріптердің атауы (ХФӘ) Аа а' Bb be' Cc se' Dd de' Ee e' Ff εf Gg ge' Hh hɔ' Ii i' Jj jɔð Kk kʰɔ' Ll εl Mm εm Nn εn Oo o' Pp pʰe' Qq kʰu' Rr εɹ Ss εs Tt tʰe' Uu u' Vv ve' Ww dɔbəldve' Xx εgs Yy y' Zz sεd Ææ ε' Øø ø' Åå ɔ'+
Негізгі сөздік "даттық": dansk "сәлем": hej "хош бол": farvel "рақым етіңіз": vær så venlig "рақмет": tak "бұл": denne "не?": hvor meget? "иә": ja "жоқ": nej
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша тілдер мен диалекттер Санат:Скандинав тілдері