Ньютон (белгіленуі: Н) — Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) күш өлшем бірлігі . Халықаралық қабылданған аты — newton (белгіленуі: N).

Ньютон — туынды өлшем бірлік. Ньютонның екінші заңына сәйкес ол күш бағытына қарай массасы 1 кг дененің жылдамдығын 1 секундта 1 м/с-қа өзгертетін шама. Яғни, 1 Н = 1 кг·м/с2.

Бұл өлшем бірлік қозғалыс заңдарын ашқан, күш, масса және үдеу ұғымдарын байланыстарған ағылшын физигі Исаак Ньютон құрметіне аталған. Дегенмен, Исаак Ньютон өз еңбектерінде күш өлшем бірлігін енгізбеген, оны абстракті ұғым ретінде қарастырған.Механика Ньютона. Марио Льоцци Күшті ньютонмен өлшеу ұлы ғалым дүниеден озғаннан кейін екі ғасырдан кейін, СИ жүйесі қабылданғаннан кейін енгізілген.

Басқа өлшем бірліктермен байланысы

1 Н = 105 дин. 1 Н ≈ 0,10197162 кгс. 1 Н = 10−3 стен. 1 Н ≈ 8,262619 Fp. 1 Н ≈ 0,224808943 lbf. 1 Н ≈ 7,233013851 pdl.

Еселік және үлестік бірліктері Еселік және үлестік еселік бірліктері стандартты СИ қосымшаларымен құралады.

Мысалдар Сипаттамасы Мағынасы Сутек атомы ядросы тарапынан электронға әсер ететін күш 3,6967 Н Массасы 102 г дене салмағы (яғни жер бетіндегі гравитация күшінің әсерінен) 1 Н Массасы 70 кг адамның тартылыс күші 686 Н Адамға әсер ететін ауа қысымының толық шамасы Адам денесі ауданы шамамен 2 м² (қалыпты жағдайда) 202 650 Н

Сілтемелер

Санат:Күш өлшем бірліктері Санат:СИ Санат:Өлшем бірліктері