Негізгі ұғым:

Жайылма – шабындықты терраса, өзен аңғарының едәуір тегіс келген, қазіргі заман шөгінділері жапқан, тасқын немесе су тасу кезінде оқтын-оқтын су басатын бөлігі.

Елді мекендер: Жайылма – Ақтөбе облысы Қобда ауданында болған ауыл, 2012 жылы таратылған. Жайылма – Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы ауыл. Жайылма – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл. Жайылма – Қостанай облысы Қамысты ауданындағы ауыл. Жайылма – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл. Жайылма – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.