Airbus A310 — жақын және ортамагистральды жолаушы ұшағы. Еуорпалық Airbus Industrie консорциумының Airbus A300 ұшағының қысқартылған нұсқасы.
Жасалу тарихы
Қолданылуы Еуропа
Азия
Америка
Нұсқалары нобай|оңға|Yemenia әуе компаниясының Airbus A310-300 ұшағы Франкфурт әуежайында, 2000 жыл. нобай|оңға|TAROM әуе компаниясының Airbus A310-300 "Трансильвания" ұшағы Лондон Хитроу әуежайында нобай|оңға|Mahan Air Airbus A310-300 Мехрабад Халықаралық әуежайына қону кезінде, 2011 жыл. нобай|оңға|Czech Airlines A310-300 ұшағының жолаушылар кабинасының көрінісі нобай|оңға|Interflug-тың Airbus A310-300 ұшағы, Шығыс Германияның ұлттық әуе тасымалдаушысы қолданған жалғыз батыстық ұшақ. нобай|оңға|Неміс әуе күштерінің A310 MRTT ұшағы нобай|оңға|Konrad Adenauerдеп аталған бұл A310-300 (тіркеуі №10+21) Германияның мемекеттік ұшағы ретінде қолданылған болатын. Суретте ұшақ Ыстамбұлдағы Ататүрк әуежайында қонуда, 2010 жы."Airbus A310." militaryaircraft.de, 12 қараша 2010 A310-ның екі базалық нұсқасы бар: орта қашықтықты −200 және ұзақ қашықтықты −300. Ұшақтың алғашқы нұсқасы −200 болды, одан кейін өндіріле бастаған −300 кейінрек ұшақтың негізгі өнімдік нұсқасына айналды.
A310-200 Алғашқы A310, Эйрбастың 162-ші өндірілген ұшағы, алғаш ұшуы 1982 жылы 3 сәуірде болды. Ұшақтың алғашқы өнімдері Pratt & Whitney JT9D-7R4D1 қозғалтқыштарымен жабыдықталды. −200 1983 жылы Swissair және Lufthansa әуе компанияарында қолданысқа енгізілді. −200 сериясының соңғы өнімдерінде −300 сериясының қанаттары орнатылды.
A310-200C Ұшақтың конвертацияланатын нұсқасы, орындықтар алынып тасталып, ұшақтың жолаушылар кабинасын жүк кабинасына өзгертсе болатын.
A310-200F / -300F Ұшақтың жүк тасымалдаушы нұсқасы. Ұшақтар жаңажан өндірілді немесе бұрынғы жолаушы ұшақтарын қайта жабдықтау арқылы жасалды. A310-200F 39 тонна жүкті 5950 км қашықтыққа тасымалдау алды."A310-200F Freight version." Aerospace Technology. Retrieved: 6 қараша 2011 A310-ның жүк тасымалдаушы ұшағының бірде-біреуі жаңадан өндірілмеді. Тек FedEx Express сияқты компаниялар бұрынғы жолаушы ұшақтарынан қайта жабдықталған ұшақтарды қолданды, олар негізінен −300 нұсқасының ұшақтары болды.
A310-300 Ұшақтың алғаш ұшуы 1985 жылы 8 шілдеде болды. −300 өлшемдері бойынша –200 нұсқасымен шамалас келді, бірақ фюзеляж ортасы мен горизонтальді стабилизаторға орнатылған жанармай бактарының арқасында ұшақтың максималды ұшу салмағы мен ұшу қашықтығы көбейтілді. Қанаттардың ұштарына винглеттер орнату арқылы ұшақтың аэродинамикалық сипаттамалары жақсартылды, бұл қондырғылар –200 нұсқасының кейбір даналарына да орнатылды. Ұшақ 1986 жылы Swissair әуе компаниясында қолданысқа енгізілді. Ұшақта жанармай шығынын басқаратын компьютерлік жүйенің орнатылыу арқылы ұшақтың ұшу кедергісі мен жанармай үнемдеуі жақсартылды.
A310 MRT/MRTT
A310 көптеген мемлекеттердің әскери-әуе күштері құрамында таза жүк тасымадаушы (A310-300 MRT)ретінде қолданылды, алайда кейбір ұшақтар EADS ұсынған MRTT ("Multi Role Tanker Transport") нұсқасындағы жанармай тасушы-құюшы танкер ретінде қолданылды. Бұл нұсқаға кемінде 6 ұшаққа тапсырыс түскен: Неміс Әуе күштеріне 4 ұшақ және Канада Әуе күштеріне 2 ұшақ. Ұшақтардың тапсырылуы 2004 жылы басталды. Үш ұшақты Дрездендегі (Германия) EADS EFW жасады; қалған үшеуін Гамбургтегі Lufthansa Technik компаниясы жасады. Чили Әуе күштері өздерінің 707–320 'Aguila' танкерлерін алмастыру үшін бұрын қолданыста болған екі A310 ұшағын сатып алды. Алғашқысы 2007 жылы қазанда берілді.
Қолданушылар
Әскери қолданушылар нобай|оңға|Канада Корольдік Әуе күштерінің CC-150 Polaris ұшағы Оттава әуежайын ұшып шығуда A310 ұшағын келесі елдердің қарулы күштері пайдаланған:
Бельгия Әуе компоненті
Канада Корольдік Әуе күштері – CC-150 Polaris деп аталады
Мысыр Әуе күштері
Франция Әуе күштері
Германия Әуе күштері
Иордания Корольдік Әуе күштері — бұрынғы қолданушы.
Моңғолия Әуе күштері
Пәкістан Әуе күштері
Испания Әуе күштері
Тайланд Корольдік Әуе күштері
Тапсырыстар Өндіріс тоқталығанға дейін барлығы 255 A310-ге тапсырыс түсіп, олардың барлығы тапсырыс берушілерге тапсырылды.
Барлығы1998199719961995199419931992199119901989198819871986198519841983Тапсырыстар255122222224191823282119262917 Деректер 1998 жылы желтоқсанның аяғына сәйкес.
Техникалық сипаттамасы Ұшақ нұсқаларының техникалық сипаттамасы"Aircraft Family – A310 Specifications." airbus.com. Retrieved: 6 қараша 2011: Сипаттамалар A310-200 A310-200F A310-300 A310-300F Экипаж 2 ұшқышСыйымдылығы 218 жолаушы (3-класс)240 жолаушы (2-класс)280 жолаушы (1-класс) 33 тонна жүк 218 жолаушы (3-класс)240 жолаушы (2-класс)280 жолаушы (1-класс) 33 тонна жүкҰзындығы 46,66 м Қанат жаймасы 43,9 мҚанат ауданы 219 м²Қанат үшкірлігі 28°Биіктігі 15,8 мФюзеляж ені 5,64 мСалон ені 5,28 мМаксималді ұшу салмағы 141,974 кг 164,000 кгБос ұшақ салмағы 80,142 кг 72,400 кг 83,100 кг 73,900 кгЖанармай көлемі 55,200 л 75,470 лКрейсерлік жылдамдығы 0.80 Мах (850 км/сағ)Максималді жылдамдық 0.84 Мах (901 км/сағ)Ұшу қашықтығы 6800 км (Трансконтинеталды) 5500 км 9600 км (Трансатланттық) 7330 кмМаксимал көтерілу биіктігі 12,500 мҚозғалтқыштар (2×) Pratt & Whitney JT9D-7R4немесеGeneral Electric CF6-80C2A2 Pratt & Whitney PW4156AнемесеGeneral Electric CF6-80C2A8Қозғалтқыштың тарту күші 220–237кН 250–260 кН
Ұшақ нұсқаларының атаулары Дереккөз: Француз DGAC типтік сертификаттау дерекнамасы №145 Нұсқа Сертификат берілген күн Қозғалтқыштар A310-203 11 наурыз 1983 General Electric CF6-80A3 A310-203C 27 қараша 1984 General Electric CF6-80A3 A310-204 23 сәуір 1986 General Electric CF6-80C2A2 A310-221 11 наурыз 1983 Pratt & Whitney JT9D-7R4D1 A310-222 22 қыркүйек 1983 Pratt & Whitney JT9D-7R4E1 A310-304 11 наурыз 1986 General Electric CF6-80C2A2 A310-308 5 маусым 1991 General Electric CF6-80C2A8 немесе CF6-80C2A2 A310-322 5 желтоқсан 1985 Pratt & Whitney JT9D-7R4E1 A310-324 27 мамыр 1987 Pratt & Whitney PW4152 A310-325 6 наурыз 1992 Pratt & Whitney PW4156A
Апаттар 2011 жылдың 1 маусымына 11 A310 ұшағы апатқа ұшырағанAviation Safety Network > ASN Aviation Safety Database > ASN Aviation Safety Database results УақытыЂБорт нөміріАпат орныҚұрбандарҚысқаша сипаттама 31.07.92 HS-TID Катманду маңында 113/113 Диспетчер мен экипаж арасындағы түсініспеушілдіктен ұшақ бағыттын адасты 23.03.94 F-OGQS Междуреченск маңында 75/75 Ұшақ командирі штурвал алдына автопилотты абайсызда өшіріп қойған баласын отырғызды 31.03.95 YR-LCC Балотешти 60/60 Ұшақ командирі автопилот өшіп тұрған автопилот кезде ұшақты басқармады 11.12.98 HS-TIA Таиланд 101/146 Қиын ауа-райы жағдайында қону кезінде соғылды 30.01.00 5Y-BEN Абиджан 169/179 Экипаж қателігінен ұшқаннан кейін теңізге құлады 12.07.00 D-AHLB Швехат 0/151 Шасси істен шығып, алаңда авариялық қону жасалды 09.07.06 F-OGYP Иркутск 125/203 Қонудан кейін сол жақ қозғалтқыш реверс орнына толық тарту қосылып, ұшақ ҚҰС-нан шығып кетіп өртенді.МАК 12.03.07 S2-ADE Дубай 0/236 Тоқтатылған ұшу, ұшақ қону сызығының соңында тоқтады, алдыңғы шасси тірегі сынды 10.06.08 ST-ATN Хартум 30/214 Қону кезінде жерге соғылып өртенді 30.06.09 7O-ADJ Комор аралдары 152/153 Ұшқыштар қателігінен қону кезінде жерге соғылды 31.10.10 TC-JCV Касабланка 0/белгісіз Жүк рейсі қону кезінде ҚҰС осінен шетке кетіп сол жақ қозғалтқыш пен алдыңғы шасси тірегін сындырды. Сызылып тасталды. Нәтижесі: 11 ұшақ | 8 мемлекет | 825/1499 -
Әдебиет Мировая Авиация журналы, №639 файл, 1-6 парақтар, ISSN 2071-1131 (орысша) Мировая Авиация журналы, №1007 файл, 35-36 парақтар, ISSN 2071-1131 (орысша)
Дереккөздер
Санат:Airbus ұшақтары Санат:Жолаушы ұшақтары