Хуан Мануэль Мата Гарсия (исп. Juan Manuel Mata García; 28 сәуір 1988, Бургос, Кастилия және Леон) - испан футболшысы, сол қапталда ойнайтын жартылай қорғаушы. Лондондық "Манчестер Юнайтед" клубында ойнайды. Әлем чемпионатын, одан кейін жастардың Еуропа чемпионатын жеңген екі футболшының бірі.

Мансабы

Мата өзінің футболдық баспалдағын "Реал Овьедо" клубында бастады. 15 жасында "Реал Мадрид" клубына ауысып, онда 2007 жылға дейін ойнады. 2007 жылы "Валенсия" футбол клубымен келісімге отырады. Жетістіктері үшін, Мата басты құрамда ойнайды. Хуан өзінің бірінші добын "Барселонаға" соғады. Содан кейін, финалда "Хетафе" клубына қарсы үш доптың біреуін соғып, өз командасына Кубокты жеңуіне көмектеседі.

Испандық Marcaның айтуы бойынша:

"Хуан Мата испан футболына жылдам кірді, оны басқа жас испандықтармен салыстыруға болады: Боян Кркич, дос Сантос және Мартинес, және де осы қалпын одан да жетілдіре түссе, ол Испания құрамасында ойнайтын болады".

2011 жылы 24 қаңтарда Мата "Валенсиямен" жасаған келісімін 2014 жылға дейін ұзартты. 2011 жылы жазда "Арсенал" 25 миллионға Хуанды сатып алмақшы болды, бірақ ала алмады. Сол жылы 22 тамызда жартылай қорғаушы "Челси" ағылшын клубына көшті. "Көктер" үшін бірінші допты "Норвич Ситиге" қарсы салды.

Өмірі Хуан Мадридтегі политехникалық институтының журналистика факультетінде оқып шықты. Бос уақытында үстел теннисын ойнағанды жақсы көреді.

Жетістіктері

Командалық Валенсия

Испания кубогы: 2008

Челси

Англия кубогы: 2012 Чемпиондар Лигасы: 2012 Еуропа лигасы: 2013

Манчестер Юнайтед

Англия кубогы: 2016 Лига кубогы: 2017 Англия Суперкубогы: 2016 Еуропа Лигасы: 2017

Ұлттық құрама

Әлем чемпионы: 2010 Еуропа чемпионы: 2012

Дереккөздер

Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары