Фёдор Кузьмич СероштанҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1948), ауыл шаруашылығының озаты. 17 қараша 1901 жылы Ресейдің Ставпроль өлкесі, бұрынғы Александровский ауданы, Сұлтан селосында туған.
Еңбек жолдары 1925-1931 жылдары - еңбекшілер депутаттары ауылдық Советі атқару комитетінің, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Холмогоровка (қазіргі Шаған) ауылында құрылған кредит серіктігінің председателі. 1931-1953 жылдары - Ленин атындағы колхоздың председателі. Ол басқарған колхоз 1947 жылы 3000 га егістіктің әр гектарынан орта есеппен 14 ц-ден, ал мұның 70 га-сының әр гектарынан 37,4 ц-ден астық жинаған. 1-сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің дептутаты болды.
Наградалары Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1948) Меладьдар
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері