Халхын-Гол — Моңғолия және Қытай жеріндегі өзен. Ұзындығы 233 км, алабының аум. 17 мың км². Үлкен Хинганның батыс беткейінен бастау алады. Барги жазығы арқылы ағып, сол тармағы Буир-Нур көліне, оң тармағы Буир-Нур және Далайнор көлдерін жалғастыратын Орчун-Гол өзеніне құяды. Орташа су ағымы 25 м³/с. Жаңбыр суымен толығады. Жазда су деңгейі көтеріліп, тасиды.
Сілтемелер: «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Санат:Моңғолия өзендері Санат:Қытай өзендері