Нәби Құлшаманұлы ЖақсыбаевҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері(1966), ҚазКСР Түсті металлургия өнеркәсібін өркендетушілердің бірі. 29 ақпан 1912 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, 11-ауылда туған.
Еңбек жолдары 1937 жылы Мәскеуның түсті металл және алтын институтын бітірген. 1941 жылға дейін Қазақ кен-металлургия институтында сабақ берген. 1941 жылдан КОКП мүшесі. 1941-1942 жылдары Аурахмат руднигінің (ТәжКСР-і) бастығы болды. 1942-1945 жылдары - Түркістан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1945-1952 жылдары - Ақтөбе облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1952 жылы - Ақтөбе облысы партия комитетінің хатшысы. 1953-1956 жылдары - Кеңшоқы және Қасқаайғыр - Ақжал рудниктерінің директоры, одан кейін ҚазКСР Түсті металлургия министрінің орынбасары, ҚазКСР Министлер Кекесінің Мемлекеттік кен қадағалау комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 1959 жылдан Зырян қорғасын комбинатының директоры болып тағайындалды. Оның басшылығымен комбинатқа ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері енгізіліп, өндіріс процесін автоматтандыру мен механикаландыру жүзеге асырылды.
Жетістіктері КОКП 23-24 -съездерінің делегаты. 1956 жылдан Қазақстан Компартиясы ОК-інің мүшелігіне кандидат, кейін Қазақстан Компартиясы ОК-інің мүшесі болған. 8-сайлауда КСРО Жоғарғы кеңесінің депутаты болды.
Марапаттары Октябрь революциясы ордені 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені "Құрмет Белгісі" ордені Социалистік Еңбек Ері(1966) Медальдар
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Шалқар ауданында туғандар Санат:Қазақстан металлургтері