Ақмарал Тастанбекқызы Ерімбетова (1976 жылы Маңғыстау облысы Теңге ауылында туған) - Маңғыстау өңірі әндерінің орындаушысы.

Өмірбаяны 1976 жылы Маңғыстау облысы Теңге ауылында дүниеге келген"Қазақтың дәтүрлі 1000 әні", EL production company, Co.Ltd 2010.

1997 жылы Маңғыстау өнер колледжінің жыр-терме мектебін бітірді. Колледжде оның жетекшілері ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Бауыржан Сатыбалдин мен Аманжол Самықов болды.

1997-1998 жылдары ол М. Өскенбаев атындағы Маңғыстау облысы филармониясының солисі және Абыл атындағы музыкалық мектептің мұғалімі қызметтерін атқарды.

1998 жылы ол Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясындағы халық музыкасы кафедрасына түсті. Консерваторияда оның жетекшілері Батыс Қазақстан қазақ фольклорлық музыкасының шеберлері Сәуле Жанпейісова, Елдос Еміл мен Айгүл Қосанова болды.

2003 жылы консерваторияны бітірген соң ол М. Өскенбаев атындағы Маңғыстау облысы филармониясының солисі болып және Маңғыстау өнер колледжінде мұғалім болып қабылданды. Қазіргі уақытта сол жерлерде қызмет атқаруда ..

Марапаттары ҚР еңбек үздігі белгісімен марапатталған.

Дереккөздер