Аяттардың түсу себептері () туралы ғылым Құранның үкімдерінің түсу себептері мен мағынасын түсінуге, оны нақтылау мен түсінбеушіліктерді кетіруге көмектесетін ғылым.

Ибн Дақиқ әл-Ид айтқан:

«Аяттардың түсу жағдайын анықтау — Құран мағыналарын түсінуге алып баратын сенімді жол»

Шейх әл-Ислам Ибн Таймийа:

«Аяттардың түсу жағдайын түсіну аятты түсінуге көмектеседі. Шарт туралы ғылым шарт етілген нәрсе туралы ғылымға мұрасын қалдырады.»

Мысалдары Құран аяттарының түсу себептерін білудің маңыздылығы ретінде мына аятты келтіруге болады:

«Шығыс пен Батыс Аллаһтың иелігінде. Сендер қай жаққа бұрылсаңдар да, онда Аллаһтың Жүзі болады. Аллаһ — Қамтушы, Білуші»

Бұл аят тікелей қабылданатын болса, намазды құбылаға қарамастан кез келген жаққа бұрылып оқи беркге болады деп түсінуге болады. Бірақ бұл аяттың түсу себебін қарағанда, оның жолда оқылатын нәпіл намаздар туралы ғана айтылғаны белгілі болады«Тафсир Ибн Касир» (1/208-211).

Дереккөздер

Тағы қараңыз Құран Аят

Санат:Құран Санат:Құран тарихы