Mara Salvatrucha (Ма́ра Сальватру́ча, сленгте «сальвадорлық қаңғы құмырсқалар» мағынасын береді) немесе MS 13 — халықаралық біріккен қылмыстық топ; Орталық және Оңтүстік Американың ең қатал, үлкен әрі тез қарқынмен өсіп келе жатқан көше бандасы. Бұл топ бірнеше мемлекет аумағында белсенді әрекеттер жасайды (оның ішінде АҚШ, Мексика, Сальвадор, Гондурас пен Гватемала елдері бар). Әртүрлі санақтарға сәйкес бұл қылмыстық синдикаттың құрамында 50 мыңнан 300 мыңға шейін адам бар (ассоциацияланған мүшелерін қосқанда). Оның ішінде 10 мыңнан 40 мыңға дейін мүшесі АҚШ-та. Құқық қорғау органдары мен Федералдық тергеу бюросының бағалауы бойынша Mara Salvatrucha құрамында 50-80 мыңға жуық адам бар, 10-15 мыңы АҚШ-та тұрады. Банданың этникалық құрылымы аралас: Құрама Штаттарда бұл бандаға сальвадорлықтар, гондурастықтар, гватемелалықтар, никарагуалықтар, мексикандықтар мен басқа латын америкалықтар кіреді (жаңа келген иммигранттар мен бірінші ұрпақтағы иммигранттар). Mara Salvatrucha қаланың белгілі белгілі ауданында әрекет етіп, кейде қоластындағы аумақты кеңейтуге талпыныс жасайды.
Mara Salvatrucha қылмыстық бизнестің көптеген түрлерімен айналысады, оның ішінде есірткі, қару және адам саудасы; тонаулар, рэкет, тапсырыспен адам өлтіру, құн алу үшін адам ұрлау, жеңгетайлық, көлік ұрлау, ақшаны легализациялау (), алаяқтық бар. Mara Salvatrucha-ның қоластындағы аумақта орналасқан көптеген көше саудагерлері мен кіші дүкендер оларға өз табысының жартысына дейін жұмыс істеуге рұқсат алу үшін төлейді. АҚШ-та тұратын көптеген сальвадорлықтар отанындағы тумаларына немесе Сальвадор түрмелеріндегі туыстарына қауіп төнбеу үшін MS 13-ке (банданың екінші атауы) ақша төлеуге мәжбүр. Бірақ Mara Salvatrucha-ның ең басты пайдасы есірткі сатуда делдалдықтан және өз аумағында есірткі сатуға рұқсат беруден түседі. Сонымен қатар Mara Salvatrucha дүкен желілерінде, кішкене дүкендерде және дәріханаларда ұрлықпен айналысатын көптеген ұрылар командаларын басқарады.
Дереккөздер
Санат:Қылмыстық топтар