Шымкент қаласының маңындағы әуе апаты — 2012 жылдың 25 желтоқсанында Түркістан облысы Шымкент қаласының маңында Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне тиесілі Ан-72 (Antonov An-72) ұшағының әуе апаты.

Астана уақытымен сағат 18.55-те Астанадан Шымкентке бет алған Ан-72 әуе кемесі Шымкент қаласының әуежайынан 20 шақырым жерде Сайрам ауданындағы Тассай ауылының маңындағы карьерге құлаған.Шекара қызметінің басшылары мінген ұшақ құлады

ҚК-нің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес АН-72 әуе кемесінің бортында 7 экипаж мүшесі мен 20 әскери қызметкер, оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің директоры міндетін атқарушы полковник Тұрғанбек Стамбеков болған және ұшақ бортында болған барлық 27 адам қаза тапты делінеді.

Осыған орай Қазақстан президенті өкімімен 2012 жылғы желтоқсанның 27 жұлдызында ұлттық аза тұту жарияланды.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің әскери қызметшілерінің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жарияланды

Тағы қараңыз

Қазақстандағы ұлттық аза тұту күндері

Дереккөздер

Санат:Әуе апаттары Санат:2012 жылдағы Қазақстан Санат:Қазақстандағы әуе апаттары