Бурылтоғай ауданы (Төте жазу: بۋرىلتوعاي اۋدانى, немесе Фухай уезі () — Қытай Халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Іле Қазақ автономиялық облысының Алтай аймағына қарасты әкімшілік-территориялық құрылым. Әкімшілік орталығы — Бурылтоғай кенті (Фухай).
Тарихы Бурылтоғай ауданы 1921 жылы орнаған. 1942 жылы Фухай ауданы болып атауы өзгертілді.
Географиясы Солтүстігінде Моңғолиямен, шығысында — Көктоғай ауданымен, батысында — Алтай қалалық ауданымен, Жеменей ауданымен мен Шәуешек округымен, оңтүстігінде — Чанцзы-Хуэй автономиялық аймағымен шекараласады.
Әкімшілік бөлінісі Бурылтоғай ауданы 3 қалашыққа 3 ауылға бөлінеді福海县-行政区划网 www.xzqh.org:
Бурылтоғай (Фухай) қалашығы (بۋرىلتوعاي قالاشىعى)(福海镇) Қарамғай қалашығы (قارامعاي قالاشىعى)(喀拉玛盖镇) Жетарал қалашығы (جەتارال قالاشىعى)(解特阿热勒镇) Көкағаш ауылы (كوكاعاش اۋىلى)(科克阿尕什乡) Шығанжиде ауылы (شىعانجيدە اۋىلى)(齐干吉迭乡) Арда ауылы (اردا اۋىلى)(阿尔达乡)
Дереккөздер
Санат:Алтай аймағы