Луар және Шер () — Францияның батысындағы департамент, Центр аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 41. Әкімшілік орталығы — Блуа.
Географиясы Жер аумағы 6343 км², бұл көрсеткіш бойынша 31 орында.
Департамент 3 округ, 30 кантон және 291 коммунаны қосады және келесі департаменттермен шектеседі: Эр және Луар, Луаре, Шер, Эндр, Эндр және Луара және Сарта.
Департамент арқылы Луар және Шер өзендері ағып өтеді.
Демографиясы Халық саны 326 мың адам (департаменттер арасында 70-ші орын, 2008 ж.). Тұрғыны 1990 жылмен (11323 адам) салыстырғанда 3,6%-ға өскен.
Тарихы Луар және Шер — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Орлеане және Турень провинцияларының аймақтарында пайда болған. Атауы Луар және Шер өзендерінен шыққан.
Сілтемелер Prefecture website (in French) Conseil Général website (in French) http://www.ville-blois.fr/
Тағы қараңыз Луар және Шер департаментінің коммуналары
*