Беклербек немесе Бектердің бегі (османша:بكلربكی = Beylerbeyi) — орта ғасырлардағы және ерте жаңа дәуірдегі мұсылман елдеріндегі жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкер. Беклербегі лауазымы Селжук империясында, Хулагуидтер мен Сефевидтерде, Осман империясында болды. Беклербегі тікелей хан немесе сұлтанға бағынып, азаматтық және әскери билікті өз қолына алатын. Одан бөлек кей елдерде аймақты, ірі тайпаны немесе халықтар тобын басқаратын.
Алтын Ордада Өзбек ханнан бастап беклербегі мен қарашы бектер билігі күшейді. Әдетте, бектер қарасүйек табынан шыққан рубасылары мен беделді әскербасыларынан таңдалған. Беклербегі қазіргі премьер-министрдің функцияларына ұқсас ұлыстың екі негізгі әкімшілік лауазымының бірі болған. Беклербегі лауазымын иеленген адамдар мемлекеттік таққа қуыршақ хандарды отырғызып, оларды толығымен бақылауға тырысты. Хандардың көпшілігінде қажетті білім болмағандықтан және олар көбінесе егжей-тегжейге үңілмеуді жөн көргендіктен, ішкі және сыртқы саясатты, шаруашылық пен әскерді беклербегі басқарды.Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7-сынып Т.С.Садықов, С.Жолдасбаев
Сефевидтер мемлекетінде ол хандар арасынан, Осман империясында сұлтанның жақын серіктері арасынан тағайындалған. Сефевидтер мемлекетінде бейлербей лауазымы хакім қызметімен біріктірілді.Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том, 243 бет
Алтын Орда беклербектері Мүңкеду Нойон Салджиут — 1226-? Жошы және Бату хандардың беклербегі Итқара Алшын — ?-1258 Бату хан беклербегі Боралдай Қият — 1258-1261 Ноғай, Жошы хан немересі — 1262-1267, 1280-1299 Бек Темир Алшын — 1267-1280 Черкес Салджиут — 1299-1309 Құтлұқ-Темір — 1309-1321 Исатай Қият — 1321-1337 Моғұл Бұқа Қыпшақ — 1337-1351, 1359-1361 Құтлұқ Бұқа Найман — 1351-1357 Мамай Қият, Исатайдың немересі — 1357-1359, 1363-1380 Орданың батыс бөлігінің беклербегі Әлібек Қоңырат — 1377-1383 Тоқтамыс хан беклербегі Қазаншы Баһадүр — ?-1377 Ұрыс хан беклербегі, 1383-1395 Тоқтамыс хан беклербегі Едіге Маңғыт — 1395-1419 Мансұр би Едігеұлы — 1419-1427 Барақ ханның беклербегі Наурыз би Едігеұлы — Ұлық Мұхаммед хан және Кіші Мұхаммед хан кезеңіндегі беклербегі Темір Мансұрұлы — 1470-1486 Ахмат хан беклербегі
Дереккөздер
Санат:Әскери шендер